Канадалықтар ұзындатылған Lincoln Navigator-дан қамал жасады.
Автор: Давид Шенгелия, ДРАЙВ
Навигатордан бөлек, Онтариолық мамандар Range Rover, Lexus LX, Cadillac Escalade, GMC Yukon Denali, Sierra, Bentley Bentayga секілді машиналарды брондаумен айналысқан. Барлығы жасалған жұмыстар тізімінде 80-нен астам әр түрлі автокөлік түрлері бар
Cadillac Escalade, Lincoln Navigator секілді ұзын базалы кроссоверлерді бай адамдар жиі статусты автомобиль ретінде қолданады. Ал егер де клиент осыған ұқсас америкалық толық приводты, бірақ та брондалған автокөлік қаласа ше? Кадиллак пен Линкольн зауыттарында осындай машина шығаратын бөлім жоқ. Есесіне көптеген жеке компаниялар осындай тапсырыстарды қуана атқарады. Мысалға, Inkas фирмасы, ол компания кузовтың түріне қарамастан – седан, универсал тіпті пикап секілді кез-келген автокөлікті алады. Торонтолық компанияның соңғы жұмысы – ұзындатылған Lincoln Navigator.
Брондалған көлікке қосымша ретінде сыртқы әлеммен терезені ашпай сөйлесуге арналған құрылғы, дауыл көтеру жүйесі, автоматты түрде өрт сөндіргіш, күшейтілген тежегіштер мен доңғалақтар, жеңілдетілген брон панельдері ұсынылады
V6 3.5 EcoBoost (456 а.к. және 691 Н.м) супер зарядталған қозғалтқышы, он сатылы «автоматы» бар кроссовер BR6/VR6 стандарты бойынша қорғалынған. Енді Navigator 7.62x51 калибрлі атқыш қарудан қорғайды, екі DM51 секілді жарылғыш гранатаға төтеп береді. Жұмыстар тізімінде – жолаушы капсуласын металлдық қабықшалармен және бронды әйнекпен толықтай қаптау, есік ілмелерін және автомобиль аспаларын күшейту, аккумулятор мен электронды бақылау модульін қорғау, Run Flat шиналарын орнату. Навигатор базасындағы брондалған автокөлік бағасы жарияланбаған, бірақ Inkas фирмасының Cadillac Escalade машинасы 300 мың доллардан (22 млн рубль) басталады.
7-ші сериялы BMW көлігі тек V12 моторынан айырылып қоймайды >>>