- Толығырақ
- Категория: Білім мен тәрбие беру
«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақбота» бөбекжайы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
- Қаралды: 875
- Толығырақ
- Категория: Білім мен тәрбие беру
Отаным — алтын қазынам. Ата-бабам мекендеген, малын жайып, көшіп-қонған киелі мекен. Ұшы-қиыры жоқ қазақ жерінде аспанмен таласқан асқар таулар, тұнық, мөлдір суы бар өзен мен көлдер, ну орман мен тоғайлар бар.
Жерім кенге де бай, табиғаты да көздің жауын алатын сұлу, кербез.
Асан Қайғы Желмаяға мініп “қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын құт мекен” іздегенде қазақтың төрт құбыласын аралап, Маңғыстау, Жезқазған, Баян өңірлеріне барып, әр жеріне өзіндік баға берген.
Жамбыл Жабаевтің “Өтеген батыр” шығармасында да жер қадірін түсінген батыр өз еліне жайлы қоныс іздеген.
Жер мәселесі қазақ халқын қашан да толғандырған. Ақын мен жазушылар әсем табиғатты жыр өрнектерімен бейнелі жырласа, суретшілер сиқырлы қылқалам ұшымен табиғатқа жан бітіріп суреттеген.
Қазақтың киелі даласы кең етегін жайған, арайлап атқан күннен қуат алып, нөсерлеп жауған жаңбырынан нәр алып, желі еркелетіп тербеген анадай панасындағы әр баласының жағдайын жасап отыр.
Елім, жерім деп қан төккен ата-бабам аларған жаудан жерін әрқашан қорғаған. Найзаның ұшымен, садақтың оғымен киелі жер үшін жанын пида еткен.
Асыл мұрамыз кең байтақ жерімізді қорғап, көркейту — әр азаматтың міндеті. Қазақ жерінің көгінде көк туымыз желбіреп, киелі қара домбыра үнімен “батыр халық” ұрпағының шаңырағы көтерілсін. Әр көтерілген шаңырақта жүрегі елі мен жерім деп соққан ұл-қыздар дүниеге келсін. Атамекен — әрдайым қазақтың құт мекені болсын!
Павлодар қаласы,
№28 балабақшаның "А"тобының тәрбиеленушісі
Рахимжан Айым
Анасы: Нуртазина Ш.А.
Тәрбиешісі: Кадирова Д.А.
- Қаралды: 624
1 бет. Барлығы: 4