Әйелдерге арнайы Toyota Passo Moda Charm жасалып шығарылды

Әйелдерге арнайы түрде Toyota Passo Moda Charm құрастырылды.

Автор. Леонид Попов, ДРАЙВ


Toyota Passo субкомпактті Daihatsu Boon-ның клоны болып табылатынын еске сала кетейік. Тойотаның ұзындығы, ені, биіктігі және базасы – 3680, 1665, 1525, 2490 мм. Алдыңғы приводтының массасы 910 кг., ал толық приводтынікі 960 кг.-ды құрайды

«Бұл кәдімгі әйелдерге арналған автомобиль» сөйлемі көлік модельдерін ерлерге және әйелдерге арналған деп бөлген секілді біртүрлі естіледі. Бірақ та, осы жағдайда өндірушінің өзі Toyota Pass Moda Charm «тартымды әйелді ерекшелейді» деп жазады. Сити-кар Жапонияда жетінші сәуірден сатылымға шықты. Автомобильді түсі арқылы ерекшендіру ұсынылған: жаңа модификацияның он түрлі бояу схемалары болады (бес бір түсті, бес төбесі ерекшеленетін екі түсті), осылардың арасында өте қатты ерекшеленетін қызғылт түсті «металлик» бар.

 Әйелдерге арнайы Toyota Passo Moda Charm жасалып шығарылды

Бұл нұсқаның орындықтары жасанды былғары мен матадан жасалға түрлі түсті материалдармен, контрастты жіптермен жасалынған

 Әйелдерге арнайы Toyota Passo Moda Charm жасалып шығарылды

Негізінде «мода-шарм» - жарқын безендірілген, жайлылық қосымшалары орнатылған Passo моделі.

Passo-ның жаңа нұсқасындағы жүргізуші орындығын, арқасын жылытқыш, айналаны бақылауға арналған, жоғарыдан қарауға болатын, динамикалық белгілері бар төрт камера, әйнегінде ультракүлгін мен инфрақызыл сәуледен қорғайтын қабат бар. Навигацияға тапсырыс берген жағдайда аудиосистеманы рульда басқару мүмкіндігі пайда болады. 1.0 1KR-FE (69 а.к., 92 Н.м) үш цилиндрлі моторы вариатормен біріктірілген. Приводтың түрін таңдауға болады: алдыңғы (осындай Charm 1 617 000 иенге бағаланған, 1,1 млн рубль) немесе толық (1 793 000 иеннен бастап, 1,22 млн рубль).

Мақаланың оригиналы >>>

Lincoln Navigator-ды қамалға айналдыру >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace