7-ші сериялы BMW көлігі тек V12 моторынан айырылып қоймайды

Жаңа BMW 7 сериясы тек V12 моторын жоғалтып қана қоймайды...

Автор: Давид Шангелия, ДРАЙВ


Жетінші серияның қазіргі буынында тек қана заряд ала алатын BMW 745e гибриді бар, ол доңғалақ жетегінің(привод) екі түрімен және де стандартты немесе базасы ұзартылған кузовпен ұсынылады. Бензинді электромоторлы «алтылық» 3.0 394 а.к. және 600 Н.м күш береді. Электротартылым қашықтық қоры – 50-58 км

2020 жылдың көктемінде Мюнхендегі конференцияда BMW басқарма төрағасы Оливер Ципзэ, жаңа «жетіліктің» ең қуатты нұсқасы толығымен электрикалық M Perfomance модификациясы болатынын растады. Яғни, V12 қозғалтқышы орнатылған машинала енді болмайды. BMW Blog айтуы бойынша, олардың ақпарат көдеріне сенсек, седанның флагман нұсқасы екі электроқозғалқышпен қамтылады, бірге жұмыс істеген жағдайда 650 а.к. қайтара алады (BMW M760Li xDrive – 609 а.к.), ал қоры 100кВт.сағ жоғары литий-йондық аккумулятор бір қуаттандырылған соң шамасы 640 км. жол жүріп өте алады. Соған қоса, жаңа электрокардың жайлылығы, басқарылуы жақсарады.

7-ші сериялы BMW көлігі тек V12 моторынан айырылып қоймайды

Электрикалық жетінші серияны біз 2022 жылға орай күтеміз. Сол уақытқа таман нарыққа осы көліктің тікелей қарсыластары – Jaguar XJ және Mercedes EQS шығуы тиіс. Ал 2023 жылы немістер бесінші серия қатарына да электрикалық модификация дайындайды

Айта кетсек, V12 қозғалтқышымен жоғалтылымдар шектелмейді. Гаммадан 530 күші бар V8 4.4 битурбомоторын алып тастауы да мүмкін. Кез-келген жағдайда, келесі буында M Performance гибриді пайда болады – BMW M750e бірге жұмыс істеген жағдайда 500-ден жоғары күш беретін қатарлы 3.0 «алтылықпен» және электромотормен. Және де екі таза электрикалық, жетінші сериялы седандар – 350-ден 450-ге дейін қуаты бар i740 және i750 жайлы айтылды. Консервативті адамдарға екі үш литрлі мотормен қамтылған дәстүрлі модификациялардың арасында таңдау қалады – B57 дизельді 735d немесе бензинді B58 агрегаты бар 740i. О, ғажап жаңа әлем!

Мақала оригиналы >>>

Camry 2.5 және Sonata 2.5 салыстыру >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace