Жанады жұлдыз, сөнбейді..
- Толығырақ
- Категория: Шығармашылық
Жанады жұлдыз сөнбейді сезім шырақта ,
Көзбеннен айтқан жауапсыз қалмас сұрақта.
Жымыңдап күлген жұлдызға түсіп көзіміз,
Ойымыз кетті ұшқындап ұшып жыраққа.
Сөнеді-ау деген үреймен қарап сенімсіз ,
Меңіреу жандай жабырқап қалдық көңілсіз.
Шешуін шешпей құпия мынау жұмбақтың,
Ойымызды ашпай отырмыз біздер неге үнсіз.
Ұстаның алтын қолына тимеген қашаудай,
Мүсіндей болдық аяқтаусыз қалдық жасалмай .
Қанатсыз құстай ұшалмай қалдық қалықтап,
Тұндырып көзді ойлардан үнсіз басалмай.
Тарсылдап жүрек тынымы кетті сезбедің ,
Ойларға тұнып бұлдырап менің көздерім.
Айта бер жаным жаныма менің жақандай,
Сүйемін деген сүйсініп айтқан сөздерің.
Сезілді маған жүректің жәйсіз соққаны,
Өртемей жанды неғып тұр сезім оттары.
Жасқанбай жаным сөйлей бер тағы дауыстап ,
Бұлбұлына ұқсап жайқалған жасыл бақтағы.
Сөндірме жаным сезімнің жанған алауын,
Үмітім десең жүрегіңде мәнгі жанайын.
Жанымның тапқын , жанымның тапқын қалауын,
Бақ құсың болып бағыңа сенің қонайын.
Сәкен Қожатайұлы
Ұзынағаш ауылы
- Қаралды: 373
Жүрегіммен сырласпын..
- Толығырақ
- Категория: Шығармашылық
Ей, жүрегім өзің менен мұңдаспын,
Мен сенімен бірге туған құрдаспын.
Не қаласаң менде соны қалаймын,
Сен шаршасаң, қарап тұрмас бұл басым.
- Қаралды: 288
11 бет. Барлығы: 18