12 желтоқсан 2021 Абу Даби Гран Приі. Формула 1 Голландиялық Макс Ферстаппен Абу Даби гран-приінде чемпиондық атағын жеңіп алды.
Чемпион атағы 58 айналымның соңғысында шешілді
58-ші айналымда экс-чемпион Люис Хэмилтонды басып озған Ферстаппен сыр бермеді
***
Мұндай драма Формула 1 алаңында көптен бері болмаған.
Соңғы 7 жылда алдына жан салмаған Mercedes AMG болидтерінің қуатына ешкім шәк келтіре алмаған-тын.
Жеті дүркін әлем чемпионы Люис Хэмилтон осы жылы да чемпион атануға толық мүмкіндігі болғандай болды.
***
Екі талапкердің де ұпайы 369.5 болып тұрған-ды.
Соңғы 3 гран-при:
- Бразилия
- Катар
- Сауд Арабиясының кезеңдерінде бірінші орынды бермеген Хэмильтонның позициясы ерекше мықты көрінетін
***
Сәл болмағанда Ферстаппеннің аузынан чемпиондықты жұлып әкететіндей көрінген ді.
Қатты текетіресті Абу Даби гран-приі тосын сыйға толы болды.
57 айналым бойында алда келе жатқан Хэмилтонның соңғы айналымда чемпиондықты уыстан шығаруы ғажайып іспеттес.
***
Дегенмен, объективті себептерге келер болсақ, бар мәселе Ферстаппеннің 54 айналымдағы пит-стоп жасап, жаңа доңғалақ ауыстырып алғанында болып отыр.
Жаңа доңғалақтың тістесіп жолға жабысуының арқасында, RB16B 58-ші айналымда Mercedes AMG F1W12E болидін басып озды.
Тарихи сәт!
***
Формула 1 жанкүйерлері аузының суы құрып айта жүретін чемпионат болды
***
Red Bull RB16B болиді қуаттылығы 900 ат күші бар күштік құрылғымен жабдықталған
Күштік құрылғы өндірушісі: Honda