Ей, жүрегім өзің менен мұңдаспын,
Мен сенімен бірге туған құрдаспын.
Не қаласаң менде соны қалаймын,
Сен шаршасаң, қарап тұрмас бұл басым.
Қалайша мен сені құшып тұрмаспын,
Соқшы жүрек басқа жүрек тыңдасын.
Өткен күннің бір ызғары бар болар,
Ей, жүрегім өзің менен сырласпын.
Байқаймында жүрегімнің дүрсілін,
Қызып қаным тұла бойда бұлқындың.
Быт-шыт қылып шығатындай кеудемнен,
Ей, жүрегім неге сонша жұлқындың.
Сабыр қылда мазамды алма сен менің,
Тыныштықты қалайтұғын пендемін.
Қызып қаным көтеріліп миыма,
Соқ жүрегім соға бергін көнбегін.
Сеніменен бірге өмірге келгенмін,
Сен тоқтасаң менің мәңгі өлгенім.
Тоқтай қалсаң қоштасқаным мәңгіге,
Онда халқым мені апарып жерлегін.
Сен тоқтасаң менің мәңгі өлгенім.
Сакен Қожатайұлы
Ұзынағаш ауылы