Ұлттық руханият - Халқымыздың менталитетінің сақталып қалған өзегі
- Толығырақ
- Категория: Шығармашылық
Жунисова Жанар Масақбайқызы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Еліміз іргелі ел болып ата дәстүріндегі салт-сананы қайта жаңғыртып жатқанда, оның тұғырлылығы мен орнықты өркендеуін қамтамасыз ету бағдарын қолға алған мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани даму бағыттары ұлттық болмысымызды қайта жаңғырту мен түлетуді нақты нысанаға алынды. Қазақ қоғамы ұлт болмысын қалыптасқаннан бері екі нәрсеге аса мұқият қарағандығын, оның бірі тіл, екіншісі әдет-ғұрып екендігін дәйектеушілердің пікірлері де, бұл құрылымның аса маңызды өмірмәнділік-дүниетанымдық құндылық екендігін айғақтап тұр [1, 77 б.].
- Қаралды: 400
Қазақ деген ұлтыңа, Кір келтірме елім-ай.
- Толығырақ
- Категория: Шығармашылық
Бабалардан айрылып,
Құлазыған көңіл-ай.
Есіме алсам өткенді,
Тарқар мекен шерім-ай.
Басыңды қос бірігіп,
Қайрат қылғын елім-ай.
Жауың келсе сыртыңнан,
Айбат қылғын елім-ай.
Қолыңдағы туыңды,
Биік ұста елім-ай.
Тізе бүгіп ант беріп ,
Сүйіп ұста елім-ай.
Қайта келген салт-дәстүр,
Салтанатты елім-ай.
Жібермегін қолыңнан,
Өз дініңді елім-ай.
Керегең кең, шаңырақ,
Биік болсын елім-ай.
Өз ортаңда қырандай,
Ұлың болсын елім-ай.
Ардақтайтын анадай,
Қызың болсын елім-ай.
Келіндерің ізетті,
Силы болсын елім-ай.
Қазақ деген ұлтыңа,
Кір келтірме елім-ай.
Сенімдерін ақтайтын,
Пірің болсын елім-ай.
Сәкен Қожатайұлы
Т. Рысқұлов мектебінің мұғалімі
Ұзынағаш ауылы
- Қаралды: 704
10 бет. Барлығы: 18