Mercedes-Benz S500 4matic  223

 

Бүгінгі шолу Mercedes-Benz S500 223 шанағы жайында болмақ

Қазіргі заманғы сән-салтанатты Mercedes-Benz S-класс интерьері жаңа деңгейге шығарды

Дизайнерлер асқан талғампаздықпен, жоғары сапалы  өнім  жасады

223 шанағындағы S500 -дің керемет ерекшелігі - бұл оның жаңа архитектурасы, заманауи интерфейс дизайны және орталық дисплейдің эргономикасы

S500 моделіндегі комфорт деңгейі автоның бағасына сай

Салон жоғары сапалы материалдармен қапталған, тактильді сезімге өте ұнамды, алдыңғы және артқы орындықтардағы жолаушыларға патшалық деңгейде комфорт сыйлайды

Жаңа S500 ерекшелігі, интеллектуалды жәрдемшілердің молдығы, жүргізуші мен жолаушының қолайлылығы үшін жасалған электронды-мехотронды жүйелер

 Соның бірі, артқы осьтің 10 градусқа дейінгі бұрылу мүмкіндігі

 Доңғалақ базасы 3 метр шамасында болатын седан, көшеде кері айналғанда, қысқа хэтчбектердің айналып жүрген жерінен айналып кете береді

 E-ACTIVE BODY CONTROL - электронды белсенді шанақ бақылау жүйесі де инновациялық шешім

Тұрған автоға бүйірден келіп соққалы жатқан объектіге, жаңа S класс бүйірін көтеріп тосады

 Бұл соққының ауырлығын азайтып, адам өмірін сақтап қалуға ықпал жасайды

 3+ деңгейлі автономды басқару жүйесі

- автомобильді жолақтан шығармай ұстау

- алды жақтан келе жатқан кедергіге соғылмау үшін автоматты тежегішті басу

- жүргізуші қалғып кеткен жағдайда орындықты дірілдетіп ояту немесе жол шетіне қауіпсіз тоқтау секілді қызметтерді атқара алады

 Mercedes-Benz S500 496 ат күшін өндіретін, 4 литрлік V-8 күштік құрылғысы орналасқан

 Сонымен қатар 48 вольтты гибридті EQ Boost жүйесі ауа ластануын, жанар май шығынын азайтуға үлес қосады

Трансмиссиясы 9 берілісті гидротрансформаторлы беріліс қорабынан және фирмалық Mercedes-Benz 4MATIC толық жетегімен жабдықталған

Автомобильдің барлық бағдарламалық қамсыздандыру жүйесі "ауамен", яғни мобильді интернет арқылы жаңарып, қажет өзгерістер адамның қатысуынсыз жасала береді

Қандай керемет?

Бірақ Тесла компаниясы мұндай жаңалықты 2010 жылы жасағанын ескерсек, Mercedes-Benz бренді Тесладан 10 жылға артта қалып кетті...

Жаңа 223 шанақтағы Mercedes-Benz S-class моделдік қатары люкс сегменттегі сатылым жөніндегі лидер.

Ол көрсеткіш бойынша BMW 7-ші серия мен Audi A8 модельдік қатары артта қалып келеді

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace