WhatsApp қолданушыларының саны 2 миллиардқа жетті. Компанияның айтуы бойынша, олар жіберілетін ақпаратты қорғауға үлкен мән береді.
Мессенджердің сайтында тез арада ақпарат алмасуға арналған WhatsApp бағгадраламасының қолданушыларының саны 2 миллиардқа жетті. Хабарламада «Бүкіл әлемде WhatsApp-пен 2 миллиард адам қолданатындығы жайлы жаңалықпен қуана бөлісеміз», - деп жазылған. Компания қолданушылардың жіберілетін хабарламаларының сақтығына үлкен көңіл бөлетінің, және де ол үшін арнайы шифр қолданатынын атап өтті.
Сонымен қатар, одан да жақсы ақпаратты қорғаумен қамтамасыз ету үшін, компания әрдайым ең ақпарат қорғау саласындағы ең тәжірибелі мамандармен жұмыс істейді.
«Хабарлама тек қана сіздің телефоныңызда сақталады, және ешқандай бөтен адам оқи алмайды немесе қоңырауларыңызды тыңдай алмайды, тіпті біздің де ол ақпараттарға қатынасымыз жоқ. Сіздің алмасқан ақпараттарыңыз тек сіз бен сіздің сұхбаттасушыңыздың араларыңызда қалады», - деп жазды WhatsApp.