Plague Inc авторлары ойынның жаңа нұсқасын әзірлеп жатыр. Жаңа ойында ойыншыға планетаны вируспен жоюға емес, керісінше пандемиядан құтқаруға мүмкіндік береді. Бұл жайлы Ndemic Creations пресс-релизінде хабарланды.
2020 жылы SARS-CoV-2 коронавирусының таралуымен бірге Plague Inc ойыны өте танымал ойындардың біріне айнала бастады. ДДСҰ (ВОЗ) жаңа COVID-19 вирусына пандмеия статусын берген уақытта ойыншылар Ndemic (ойынның авторлары) компаниясынан Plague Inc ойынына планетаны құтқару мүмкіндігін қосуын сұрады.
Plague Inc бастапқы нұсқасында ойыншы белгеле бір патоген ролінде ойнайды, оның басты мақсаты – барлық адамзатқа вирус ауру жұқтыру. Дәрі ойлап табу процессі аурудың басты және жалғыз қарсыласы. Егер адамдар вакцина ойлап таба алса – «game over».
Ойынның жаңа нұсқасында ойыншының жаңа мүмкіндіктері болады. Мысалы: әлемдік үкімет басшылықтарының атынан ойнау, денсаулық сақтау системаларын дамыту, карантин енгізу, әр түрлі қызмет орындарын жабу және тағы да басқа мүмкіндіктер. Мұның бәрі инфекцияның таралуын тоқтату үшін жасалады.