Mercedes CLS рекордты көлемді қозғалтқышқа ие болды.
Автор: Давид Шенгалия, ДРАЙВ
Базалық CLS 260 үшін Қытайда 576 800 юань (алты миллион рубль) сұрайды. Светодиодты фаралар мен әр түрлі қалындықтағы 19-дюймдік доңғалақтар базалық жинақтамаға кіреді. Және де қытайлықтарға осындай күш агрегатымен E 260 L моделі қолжетімді болып табылады
Қытайлықтарда ерекше автомобильдік талғам деуге болады. Мысалы, ұзартылған седандарға махаббаттары. Модельдің классы ешқандай мән бермейді – Қытайлық нарықта орта өлшемді, төрт есікті премиум-сегментті, ұзартылған доңғалақ базалы автокөліктер қолжетімді. Сосын, біртүрлі машиналардың пайда болуына қытайлық заң да ықпал етеді. Мысалы, мотордың жұмыс істейтін көлемі 1500 см3 болса, салық екі есе аз болады. Сондықтан Қытайда Mercedes CLS 260 секілді автомобильдер пайда болады. Ол болашақ иелерін сыртқы көріктілігі мен керемет интерьерінің көмегімен ғана емес, капот астындағы біржарым литрлі қозғалтқышпен қуантады
Былғарымен қапталған орындықтар, алдыңғы креслолардың электр баптаушысы, алдыңғы панельдің жасанды былғары мен табиғи ағаштан жасалған, және де екі 12,3 дюймдік дисплей қосалқы ақы сұрамайды
Мерседес гаммасында ең алғашы 1.5 М 264 моторының 48-вольттік гибрид жүйесімен үйлесімін Европада сатылатын рестайлингті C 200 алды. Германияда осындай седан 40 мың евро (3,2 млн рубль) бағаланады
Немістік авто өндірушілерге бұл рекорд болған секілді. Немесе антирекорд. Audi мен BMW компанияларының бизнес-модельдерінді минималды түрде екілитрлі агрегат кездестіре аламыз. Ал «си-эль-эста» көлемі 1991-ден 1497 см3-ге қысқартылған М 264 моторы орнатылған. «Төрттікке» көмек ретінде EQ Boost (14 а.к., 150 Н.м) стартер-генераторы келеді. Гибридтік приводттың барлық қайтарымы – 184 күш пен 280 ньютон-метр. Таң қаларлық жай, максималды жылдамдық 250 км/сағ дейін жете алады, бірақ жүзге дейін жылдамдық жинау 8,7с созылады. Осындай CLS 260 артқы приводты және он екі сатылы «автоматпен» ғана бола алады. Машиналардың өндірісін Германияға жоспарлады, сатылым әзірше тек қана Қытайда болады дейді