Екі есікте Мерседес Е-класс седандары жақын арада жарияланады
Автор: Константин Болотов , ДРАЙВ
Mercedes-AMG E 53 4Matic+ модельдік қатардың алдыңғы нұсқаларының лайықты жалғасы болуы тиіс
Е-класстың седан мен универсалының жаңартылған нұсқасы наурызда көрсетілген болады, сол себептен купе мен кабриолеттен тосынсый күтпей-ақ қоюға болады. Соған қарамастан, екі есіктілердің тұсаукесері 27 мамыр айында жаңа санды медиформатта өткізіледі. Бұл Meet Mercedes Digital онлайн-сериалының екінші эпизоды болмақ, ол 25-і Каменцтағы батарея өндірісі жайлы әңгімеден басталады
Кабриолет «бұрынғылардан қуаттырақ әрі эффективті» болады, себеі ол «күнделікті өмірде ыңғайлы, үлгі аларлықтай қауіпсіз әрі жайлы, сонымен қатар спорт-элегантты дизайнда»
Рестайлинг купе мен кабриолеттің сырт келбетін жаңа тор мен бампер, светодиодты фара мен жарықшамдар, кузовтың қосалқы түстері және жаңа доңғалақ дисктері көркемдейді. Салонда жаңа екі еселенген сенсорлы спицалары бар мультируль, жақсартылған MBUX медиацентрі және «кинтикалық» орындықтар. Қауіпсіздік комплексі круиз-контроль мен көрінбейтін аймақтарды бақылау негізінде құрастырылған соқтығысты болдырму жүйелері қосылады. Естеріңізге салайық, Е-класс седаны Ресейге шілде айында жетеді, ал бағалары мамырдың аяғына дейін белгілі болуы тиіс