Армысың досым?!
Сізбен бірге АВТО арнасы
Бүгінгі шолуда Ferrari Daytona SP3 2021 жайында болмақ
1967 жылы 6 ақпанда Феррари өзінің тарихындағы ең әсерлі жеңістердің біріне қол жеткізді.
1967-де Халықаралық спорттық автомобильдер чемпионатының Дайтона кезеңінде 24 сағаттық жарыста дес бермеді
Фордтың алаңында, аты аңызға айналған осы жеңіс, Ferrari Daytona бас инженері Мауро Форгьеридің шабытына
шырқау берді.
Ferrari Daytona жасау кезінде, суперкардың үш негізгі бөлігінің әрқайсысын айтарлықтай жақсартты:
Ол:
- қозғалтқыш
- шасси
- аэродинамика
Қозғалтқышқа келер болсақ:
Бұл нағыз классика. "Турбошаңсорғыш", гибрид, одан қалса электрокарлар дәуірі төніп келе жатқан
заманда, 6,5 литрлік, атмосферлік V12 жасау кімнің ойына келеді дейсіз?
Әрине Ferrari. Классикалық мектеп үлігісін ұстанған сирек компаниялардың бірі.
Моторға келер болсақ:
Ауқымы: 6 500 см куб, 12 цилиндрлі V12
Цилиндр еңкісі: 67 градус
Максималды күші: 850 ат күшін 9250 айн/минутында береді
Максималды тарту моменті: 7500 айн/мин 700 Нм
Максималды жылдамдығы: >340 км / сағ
0ден-100ге шығу үшін бар болғаны : 2,85 сикунд жеткілікті
0ден-200 шығу шығу үшін бар болғаны : 7,4 секунд қажет
бүгінде, сол кездегідей, жоғарыда аталған үш негізгі салада жұмыс жасау арқылы максималды өнімділікке қол жеткізілді.
Автомобиль жайлы:
шанағы карбон
Ұзындығы: 4 м 61см
Ені: 2 м 5см
Биіктігі: 1 м 14см
салмағы: 1400 кг
Салмақтың түсуі: 44% алдыңғы / 56% артқы
Жанармай багы: 86 литр
Жеті берілісті бабл клатч транс миссиясы
Дайтонаның айра динамикасын жасау кезінде Ferrari авто спорттағы бай тәжірибесін пайдаланды
Ғалымжан Сералы