Lexus LC жаңартудан соң одан әрі жайлы болмақ

Lexus LC модельінің жаңа нұсқасы бұрынғыдан жайлырақ болмақ.

Автор: Давид Шангелия, ДРАЙВ


Әзірше рестайлингті Lexus LC тек қана Солтүстік Америка нарығына ған қол жетімді. Сатылым бастауы 2020 жылдың екінші жартысына белгіленген, бағаларын да сол уақытта жариялайды. Қазірге кезде АҚШ-та LC моделі үшін $92 950 сұрайды, ал LC 500h - $97 510. Ал Ресейде болса тек қана V8 нұсқасы 8 580 000 рубльге сатылады

Екі есікті Lexus LC электроника жағынан да, жабдықтама жағынан да немістік қарсыластарына қарағанда ескірген болып көрінеді. Бірақ іргелі жақтарын алсақ Lexus қандай тамаша көлік! Купеде керемет күштік агрегат пен спорттық ладқа нақты бапталған көлік аспасы. Бірақ жапондықтар сонда да аспаны жаңғырту керек деп шешті, себебі көптеген сатып алушылар жапондық gran turismo-ні қатты жүргізу үшін емес, серуендеу үшін қолданады. Инженерлер алдыңғы амортизаторларды жұмсартты. Басқару жайлы да ұмытқан жоқ – артқы көлденең стабилизаторлар бұрынғыдан қарағанда бағыншықты емес.

Lexus LC

Салондағы өзгерістерден – Android Auto-мен жұмыс істей алатын мультимедия жүйесі. Бірақ та барлық комплекс бұрыннан бері терең модернизацияны талап етеді десек болады. Сосын гаммадан ақ (Bespoke White) және қызыл (Rioja Red) былғары қаптама нұсқалары жоғалды. Соңғысының орнына Fiare Red түсін қосты

Lexus LC

Сосын LC 500 және LC 500h купелеріне трансмиссияны басқару бағдарламасы өзгертілді, бұл тартылым басқарысын күнделікті қолданыста, және V8 қозғалтқышы мен гибридті приводтың қолданысын жақсарту керек

Сонымен қатар, массаны 10 кг-ға төмендеткені жайлылықты арттыру керек, және жол үстіндегі машинаның ұстамдылығын жақсарту керек.  Жеңілдетуге себеп болған - өте берік болаттан жасалған, бұрынғыдан қарағанда жеңілдеу пружина, аллюминийден жасалған көлік аспасындағы астыңғы рычагтар, көлденең стабилизаторлар, жеңілдетілген артқы 21-дюймдік доңғалақтар. Сосын Active Cornering Assist жүйесі пайда болы, ол доңғалақтарды тежеу арқылы векторды басқарады. 2021 модельдің жылдың машиналарының өзгерістер тізімін кузовтың екі жаңа бояу түсі (Cadmium Orange және Norl Green Pearl) және жаңадан өңделген 20-дюймдік құйылған доңғалақтар жалғастырады.

Lexus LC фотолары

Мақала оригиналы >>>

Ерекше Hyundai Solaris Prosafety >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace