Hyundai Solaris Prosafety моделінің жаңа ерекше қосымшалары.
Автор: Илья Кузьмин, ДРАЙВ
Ең жоғарғы жабдықтандырымға 195/55 R16 өлшемді шиналары бар доңғалақтар кіреді. Бонус ретінде толық размерлі қосалқы доңғалақ беріледі. Айтпақшы, олар басқа 15 дюймдік диск пен 185/65 R15 доңғалақтары базалы түрде орнатылатын модификацияларға қосымша опция ретінде қол жетімді
Hyundai Solaris седаны Ресейде осы жылдың ақпан айында жаңғыртылған болатын, ал қазір болса жабдықтамалар тізімі Prosafety орындалымымен толықтырылды. Жоқ, модификация эксклюзивті қауіпсіздік жүйелерін ұсынбайды. Алты жастық пен бүйір әйнек перделері, және де траектория сызықтары бар артқы көрініс камерасы бұрынғы кезде де опция пакеттерінде қол жетімді болған болатын. Әзірше ешбір басқа Солярис ала алмайтын қосымшалар: бұру сигналдарын қайталағышы бар, жиналатын айналар, артқы жарықдиодты фаралар, қашықтықтан қозғалтқышты оталдыру, эко-былғарыдан жасалған орындықтар мен есіктегі қызыл декоративті орнатылымдар, және де рульдегі, редуктор рычагындағы қызыл жіп жолақтары.
Сонымен қатар, ішінде кілтсіз қолдану жүйесі, алдыңғы мен артқы орындықтар жылытқышы, сегіз-дюймдік тачскрині бар, Apple CarPlay, Andriod Auto және Яндекс.Автоны қолдайтын мультимедиялық комплексі бар. Осының барлығы да қарапайымдау модельдерге қосымша опция ретінде қолжетімді
Автокөлік тек қана 1.6 (123 а.к., 150 Н.м) қозғалтқышпен және автоматты алты сатылы редуктормен ұсынылады. Prosafety жинақтамасы – Соляристің ең жоғарғы орындалымы. Бар болғаны екі мың дана ғана сатылады, онлайн брондтау қазіргі уақытта жұмыс істейді. Бағасы – 1 196 000 рубль, ол Prestige+Style опцияларын қосқан Elegance нұсқасынан 12 мың рубльға қымбат. Kia Optima-ның базалық нұсқасы бар болғаны 1 264 900 рубльден басталады, ал Kia Rio ең жоғарғы жабдықтамамен, ішкі эко-былғары қаптамасымен 1 104 900 рубль тұрады.