Ыстық шайдың пайдасы туралы осы мақаладан оқи аласыздар.
Тәжірибе барысында кофе,салқын шай, кофеинсіз шай және басқа алкогольсіз сусындар көру қабілетіне әсер етпейтіні анықталды.
Күніне кемінде бір шыныаяқ ыстық шай ішу 74% көру қабілетінің толық жоғалуының негізгі себептерінің бірі - глаукоманың пайда болу ықтималдығын төмендетеді. Бұл туралы British Journal of Ophthalmology журналында жарияланған мақалада айтылған.
Зерттеу авторлары 2005 жылдан 2012 жылға дейін диета мен денсаулықты бақылау бағдарламасына қатысқан он мыңға жуық медбикелер мен басқа медициналық қызметкерлердің өмірін бақылап, осындай қорытындыға келді.
Ғалымдар экспериментке қатысушылардың қай шай түрін ішкені - қара немесе жасыл - және олар қант қосқан-қоспағандығы жайлы нақтылап отырған.
Зерттеу авторлары шайдың көз денсаулығына пайдалы әсері химиялық агрессивті молекулалардың жинақталуының нәтижесінде көз жасушаларының жаппай өлуін баяулататын антиоксиданттардың көп мөлшерімен байланысты деп санайды.
Глаукома көз қысымының жоғарылауына байланысты пайда болады, бұл оптикалық нервтің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Бұлыңғыр көздер бүкіл әлемде соқырлыққа алып келетін басты себептердің бірі болып табылады.