Қалай ұйқыны қандыруға болатыны туралы мәлімет.
Кармел Харрингтон, кәсіби сомнолог, Сидней университетінің медицина ғылымдарының докторы, сегіз сағат ұйықтағаннан кейін де, неге көп адамдардың ұйқысы қанбай, шаршап жүретінін түсіндірді.
Оның айтуынша, осы проблемаға тап болғандардың басты қателігі - тұрақты режимнің болмауы. Күнделікті бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну өте маңызды, әйтпесе, ұйқының сапасы күрт төмендейді, - дейді маман.
«Көптеген адамдар ояну уақыты ұйқыға кететін уақытқа әсер ететінін түсінбейді», - деді ол. Харрингтон адамның таңертеңгілік жарықты көрген сәтте мидағы тәуліктік ырғақтарды реттейтін мелатонин өндірісі тоқтап қалатынын және дәл осы уақытта жеке «биологиялық сағат» бекітілетінін түсіндірді.
Сонымен бірге, сомнолог күнделікті режимнен шамалы ауытқуға болатынын, бірақ ол 60 минуттан аспауы керек екенін ескертті.