Үстелде ұзақ отырудың зияндылығы

Үстелде ұзақ отырудың зияндылығы туралы мәліметтер.

Америкалық сарапшылар әр 30 минут сайын қысқа үзіліс жасауды ұсынады. Олар 4 жылдық бақылау мен зерттеуден кейін осындай қорытынды жасады.

Ғалымдар адам ағзасына зиян тигізбестен отырауға болатын уақыт кезеңін анықтады. Сарапшылар адамның жарты сағаттан артық отырмауын талап етеді, әр 30 минут сайын тұрып, қысқа серуендеуге кеңес береді.

Annals of Internal Medicine журналында жарияланған зерттеу мақаласында ұзақ уақыт бір орында қозғалмай отыратын адамдардың өмір сүру ұзақтығын көрсетілген. Тәжірибеге сегіз мыңға жуық респондент қатысты, олардың ең жасы 45 жаста. Төрт жылдық зерттеу барысында 340 қатысушы қайтыс болды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, заманауи адам сергек жүретін 16 сағаттың 12 сағатын отырумен өткізеді. Жарты сағатта бір рет тұрып, жаттығу жасап немесе жай жүретіндерде бұл қауіп азаяды.

Алайда, отыруға тура келетін жұмысшыларды алаңдататын ештеңе жоқ - өткен жылы Норвегия, Австралия және АҚШ дәрігерлері жеңіл жаттығуларды үзіліссіз, үнемі жасап отыру арқылы отырықшы өмір салтының жағымсыз әсерлерін толығымен жоюға болады деген қорытындыға келді.

Бұған дейін кардиолог-ғалымдар адам сегіз сағаттық жұмыс күнінде физикалық белсенділікке кемінде екі сағат арнауы керек деп мәлімдеді. Дәрігерлер бұл тұжырымға он бір жыл ішінде жеті жүз мыңнан астам американдықтарға жүргізген зерттеу жұмыстарынан кейін келді.

Дәрігерлер жарты сағат бір орында отырудан кейін адамның метаболизмі 90% баяулайды дейді. Егер сіз екі сағаттан артық үзіліссіз отырсаңыз, онда денеде пайдалы холестерин концентрациясы 20% төмендейді. Алайда, физикалық жаттығудығ бес минуты бұл әсердің барлығын жоя алады.

Гавайи аралы туралы қызықты деректер >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace