Испаниядағы Метрополь Парасоль

Бұл мақаладан сәулет өнерінің 7 үздік ескерткіштерін тамашалай аласыз. 

1. Үндістандағы Алтын Ғибадатхана

Алтын ғибадатхана немесе Хармандир-Сахиб Амритсар қаласындағы «өлместік шырындарының көзі» деп саналатын атақты тоғанның дәл ортасында орналасқан. Бұл бөлігі Амритсар қаласының ішіндегі орналасқан Пенджаб қаласының қабырғаларымен қоршалған және сикхизмге табынуда өте қасиетті, әрі киелі жер.

Храмға келушілердің күнделікті саны 100 000-ға жетеді.

Құрылыс XVI ғасырдың соңында пайда болды, ал оған дейін сикх дінінің негізін қалаушы және алғашқы гуру Нанак бұл жерді медитация үшін қолданған.

Үндістандағы Алтын Ғибадатхана


 

2. Франциядағы хат тасушы Шевальдың тамаша сарайы

Бұл керемет сарай кез-келген көркемдік тенденциялар мен сәулеттік ережелерден тыс салынған және өзіндік ерекшеліктерге ие. Ол Отерив қаласында орналасқан. 1879 жылы ауылдық почтальон Фердинанд Шеваль ерекше бір тасты кездестірді, ол оның өз бақшасында сарай салуына түрткі болды. Ол барлық жұмысты өзі жасады және өзінің туындысын «Бір адамның жұмысы» деп атады

Франциядағы хат тасушы Шевальдың тамаша сарайы


 

3. Бразилиядағы португалдық корольдік кітапхана

Рио-де-Жанейро қаласының орталығында орналасқан мәдени мекемені 1837 жылы португалдар арасында мәдениетті насихаттау мақсатында португалдық эмигранттар салған болатын. Кітапхана ғимараты жарты ғасырдан кейін тұрғызылды. Мануэлино стилінде жасалған құрылыстың сәулетшісі Рафаэль да Силва-и-Каштро болды. Бұл кітапхана ең үлкен емес, бірақ, әлемдегі ең әдемі кітапханалардың бірі.

Бразилиядағы португалдық корольдік кітапхана


 

4. Малидегі үлкен мешіт

13 ғасырдан бері Джена қаласындағы қазіргі Үлкен мешіттің орнында түрлі мешіттер болған. Ал қазіргі жаңа ғимарат XX ғасырдың басында пайда болды. Ғимарат балшықтан, яғни, күнге күйдірілген жер кірпіші және құм мен топырақтан жасалған. Қабырғалардан шығып тұрған пальмалар, сәндік мақсаттардан бөлек, жыл сайынғы жөндеу жұмыстарында көмек болады.

Малидегі үлкен мешіт


 

5. Испаниядағы Метрополь Парасоль

Метрополь Парасол - бұл Севильядағы Плаза де ла Энкарнакон аймағында орналасқанбетоннан және ағаштан жасалған ерекше ғимарат. Бұл ғимарат Севилья саңырауқұлақтары немесе Севильялық саңырауқұлақтар деп те аталады. Бастапқыда осы жерде автотұрақ салу жоспарланған болатын, бірақ жоспарлар Рим және Андалус дәуірлерінің ежелгі қирандылары табылғаннан кейін қайта қарастырылды.

Испаниядағы Метрополь Парасоль


 

6. Франциядағы Мон Сен-Мишель аббаттығы

Тарихқа дейінгі уақытта қара жер болған бұл жер, қазір ортағасырлық ғибадатхасы бар кішкентай жартасты арал. Судың қайтуы басталға кезде, қажыларға аббаттыққа кіруге мүмкіндік берді, ал судың көтерілуі кезінде ол жақындап келе жатқан шабуылдан оңай қорғалды. Арал Парижден 285 км қашықтықта орналасқан. Қазір бұл жерде ондаған адам ғана тұрады.

 Франциядағы Мон Сен-Мишель аббаттығы


 

7. Тайвань астанасындағы Тайпей 101 зәулім үйі

2010 жылы Дубайда Бурдж-Халифа тұрғызылғанға дейін, Тайпей 101 әлемдегі ең биік ғимарат саналды. Алайда, бір жылдан кейін, бұл зәулім ғимарат ең жасыл және ең биік ғимарат болып танылды. Сонымен қатар, адамдарды тасымалдауға арналған лифтілер жылдамдығы бойынша жаңа рекорд орнатты - 37 секундта 60 км / сағ жылдамдықпен 5-ші қабаттан 89-шы қабатқа көтеріледі.

Тайвань астанасындағы Тайпей 101 зәулім үйі

Кино әлемінің сіз білмеген сырлары >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace