Өте көп сым желілері

Әрбір елдің жетіспеушіліктері бар, Жапония әрине солардың қатарында. Таң қалдыратыны басқасы - осындай ультразаманауи елдің көптеген жетіспеушіліктерін технологиялардың көмегімен  жоюға болушы еді. Өздеріңіз тамашалаңыздар.

 

1. «Кэш онли»

«Кэш онли»

Мәскеу мен Санкт-Петербургты санамай-ақ, басқа қалаларды айтсақ та, Ресейдің кез келген жерінде төлемді банк картасымен, не болмаса смарт сағатпен, телефонмен жүргізуге болады. Ал Жапонияда керісінше: бұл елде адамдар кәдімге ақшаны ұнатады, және дәстүрлі түрде төлемді қолма-қол ақшамен жасайды. Сонымен қатар, бұл елдің тұрғындарының біраз бөлігінің пластик картасы жоқ.

 


2. Ақылы Wi-Fi

Ақылы Wi-Fi

Тағы да бір жағымсыз жағы: ашық Wi-Fi нүктесін табу мүмкін емес деуге де болады. Сондықтан маршруттардың онлайн-картасын, ваучерлерді, алдын ала тапсырыс берілген қонқ үйдің келісімін және тағы да басқа маңызды ақпаратты телефонға алдын ала жүктеген жөн.

 


3. Өте көп сым желілері

Өте көп сым желілері

Жапонияның көптеген аймақтарында жер бетінде көзе түсетін сым-тоқ желілері өте көп. Осылайша, жер сілкінісінен кейін оларды оңай жөндеуге болады.

 


4. Қымбат байланыс

Қымбат байланыс

Тағы да бір оғаш факт: мобильді байланыстың бағасы өте жоғары. Жергілікті тұрғындарға қазір де қолайсыз контракттарға отыруға тура келеді. Бірақ та бұрында одан да жаман болған – біраз уақыт бұрын сим-карта таңдау мүмкіндігі мүлдем болмаған, және жапондықтарға провайдерді ауыстыру үшін жаңа телефон сатып алуға тура келетін.

 


5. Ойын-сауық қымбат

Ойын-сауық қымбат

Әрине, көңіл көтеру үшін ақша төлеу керек, бірақ та Жапонияда кейбір кездерде сол үшін өте көп ақша сұрайды. Мысалға, жай ғана киноға бару Ресей валютасына ауыстырған кезде 1000 рубльдай(5 500тг шамасында, 2020жыл) болуы мүмкін. Ал енді осыған құрбыңыздың билетінің, попкорнның, сыраның бағасын... – мүмкін, үйде отырған дұрыс шығар?

 


6. Бюрократияның қолды режимі

Бюрократияның қолды режимі

Иа, бюрократия жағынан алғанда Ресей кез келген басқа елдерден біраз да болсын қалуы мүмкін, бірақ та Жапонияда өте үлкен жетіспеушілік бар – барлық құжаттар қолмен толтырылуы керек. Ол кез келген қағазға қатысты: жеке мүлік, келісім шарт тіпті жұмысқа қабылдауға арналған резюме де қолмен жазылған болуы тиіс.

 


7. Банкомат проблемасы

Банкомат проблемасы

Ресейде банкоматтар табу өте оңайға соғады, олар барлық көшелерде бар десе де болады, және де 24/7 уақыт аралығында жұмыс істейді. Бұл жердегі банкоматтардың демалыс күндеріне құқықтары бар, және де клиенттерге түнде қызмет көрсеткені үшін жоғарылатылған комиссия алады.

 


8. Орталық жылу беру жоқ

Орталық жылу беру жоқ

Ресейде газ бар, сондықтан олардың көптеген үйлері жылуда. Жапонияда жылу көздерін беретін тек қана Хоккайдо аралы бар, ал елдің қалған бөлігі бұрынғы тәсілмен жылытылады – пәтерлердің ішінде тек қана керосинді жылытқыштар бар.

 


9. Пәтерлердің аумағы

Пәтерлердің аумағы

Сіздің пәтеріңіз ас-үй мен дәліздің өлшеміне дейін қысқарды, ал бөлмелер мен санузелдер мүлдем жоқ деп елестетіңізші. Шамасы осындай өлшемді пәтер аумағы көптеген жапондық жұптарға тиімді саналады. 8-10 кв.м., егер сіздер бірге өмір сүрзеңіздер – бақыт үшін тағы да не керек?

Әлемдегі ең ерекше ойын-сауық парктері >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace