Невада тұрғыны - Крис Лонгтың өмірі трансплатциялаудан кейін өте үлкен өзгерістерге ұшырады.
Невада штатының тұрғыны Крис Лонг сүйек кемігін ауыстырғаннан кейін, мүлде басқа адамға айналды: оның қанының генетикалық құрамы толығымен өзгерді. Созылмалы миелоидты лейкозға байланысты операция жасалған болатын деп хабарлайды PLANETANOVOSTI.COM порталы.
Донор Германия азаматы болды. Крис Лонг Уошо округінің Шериф кеңсесінде жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері осындай өзгерістер туындаған соң, бұл істі қалай тергеу керектігі туралы қатты ойланды. Қазіргі уақытта бұрынғы Крис жоқ: оның орнына мүлде басқа адам.
Операцияның өзі төрт жыл бұрын жасалған болатын, алғашқы өзгерістер операциядан соң үш аптадан кейін байқалды. Біраз уақыттан кейін барлық ДНҚ өзгерді: ол германдық донордың ДНҚ-мен бірдей болды.
Интернет қолданушыларының айтуы бойынша, Кристің болашақ балалары одан гөрі Германиядан келген адамға ұқсайтын болады. Себебі, Крис Лонгтың денесінде бірнеше түрлі ДНҚ араласып кеткен. Дәрігерлер осы ер адамды химера деп атады.
Бір қызығы, сот-медициналық сарапшылар сүйек кемігін трансплантациялаумен байланысты проблемаларға ие. 2004 жылы қылмыскердің ДНҚ-сы полиция қызметкерін бір тұтқынға апарды. Белгілі болғандай, оған осындай операцияны жасаған, ал генетикалық материалды оның ағасынан алған. Оның ағасы нағыз қылмыскер еді.
Бір адамда бірнеше ДНҚ жиынтығы кездескені туралы да оқиғалар бар. Кейінірек, адамның алғашқы генетикалық материалды анықтау үшін сарапшыларға көп күш салу керек болды.