6 қызықты факт

Осы да, және басқа қызықты фактілерді мақаладан біле аласыздар.

 

Вегетариандық шаштың түсуіне әкелуі мүмкін

Трихологтар бұл құбылысты осылай түсіндіреді: шаш ақуыздан тұрады, сондықтан организмде жануарлар ақуызының болмауы олардың жағдайына әсер етпей қоймайды. Сонымен қатар, шаш саулығы үшін сүт пен жұмыртқаның құрамындағы В12 дәрумені, сондай-ақ қызыл етте көп мөлшерде болатын темір қажет.

 

Біздің жейтін тамағымыз сөйлеу әдісімізге әсер етті

Ауыл шаруашылығының дамуымен, адамдар мұқият шайнауды қажет етпейтін жұмсақ тағамдарды жей бастайды. Бұл өз кезегінде бет сүйектерінің біртіндеп өзгеруіне және «в» мен «ф» дыбыстарының пайда болуына әкелді.

 

Әйелдерге арналған аяқ киім қауіпті

Аяқ киім өкшесі биіктігінің әр 2 сантиметрі саусақтардағы қысымды 25% -ға арттырады. Ханымдардың 90% -ы кішкентай және қысатын аяқ киім киеді. Сондықтан әйелдерде аяқ аурулары еркектерге қарағанда төрт есе жиі кездеседі.

 

Дені сау адамның  ұйықтау процесі 10-20 минутқа созылады

Егер сіз басыңыз жастыққа тие сала ұйқыға кетпесеңіз, бұл сіздегі ұйқысыздықты білдірмейді. Дәрігерлердің айтуынша, ұйықтау процесі біраз уақытты алуы керек, егер сіз 20 минут ішінде тәтті ұйқыға батсаңыз, ұйқыңызбен бәрі жақсы.

 

Темекі шегетін әкелердің балалары жүрек ауруымен ауырады

Зерттеулерге сәйкес, темекі шегетін әкелердің отбасыларда баланың жүрек ауруына шалдығу қаупі 75%-ға жоғары. Болжам бойынша, бұл жүктілік кезінде ананың тұрақты түрде пассивті темекі шегуінің нәтижесі.

 

Күніне бір алма бауырыңызды құтқара алады

Бауырдың қалыпты жұмысы үшін жасұнық өте маңызды. 2017 жылғы зерттеуге сәйкес күн сайын жейтін бір алма, алмұрт немесе басқа да қабығы қалың  жемістер бауырдың денсаулығын жақсартады және ауытқуларды жоюға көмектеседі.

Қатерлі ісік тудыратын өнім >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace