Ерекше табиғи құбылыстар. Таңғажайып табиғат феномендері

Бізді қоршаған әлемде өте сирек кездесетін 12 таңғажайып құбылыстар жайлы қызықты ақпарат.

Біздің әрқайсымыз «табиғи құбылыс» деген сөзді бірнеше рет естідік. Күнделікті өмірде бұл фраза жиі жаңбыр, бұршақ, тұман немесе жанартау атқылауы сияқты белгілі құбылыстардың білдіреді. Бірақ бүгін біз қарапайым және бұрыннан таныс нәрселерге назар аудармаймыз, бүгін біз сізге қоршаған әлемде сирек кездесетін 12 таңғажайып табиғи құбылыс туралы айтып береміз.

 

1. Ришат

Бұл ерекше геологиялық құбылыс Батыс Сахарада орналасқан және пішіні бойынша көзге ұқсайды. Көтеріліп келе жатқан магма мен жер қыртысының эрозиясының әсерінен сақиналар біртіндеп бетінде пайда болды, ал шеңберлер минералды құрамы жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Ришат

Нысанның жасы шамамен 500-600 миллион жыл. Ертеректе Ришат метеорит немесе жанартау атқылауының нәтижесі деген  болжамдар айтылған. Айтпақшы, бұл ерекше құбылыс түсін өзгерте алады, алайда, құбылыс температураға байланысты өзгереді.


 

2. Қозғалмалы тастар

Адам ақылына қонымсыз таңғажайып құбылыс АҚШ-тағы Өлім алқабында бірнеше ондаған жылдар бойы орын алып келеді. Үлкен тастар Райстрак Плея көлінің түбінде қозғалып жүрген сияқты әсер тудырады.

Тас үйінділердің орналасқан жерін қалай өзгертетінін көрген  куәгерлер, өкінішке орай, жоқ. Басында бұл табиғаттан тыс күштерге байланысты деп түсіндірілді. Ауыр тастардың аударылып, құм түйірлері тәрізді құлап, топыраққа таңғажайып суреттер салатындығы - барлық құбылысқа мистика қосты.

Қозғалмалы тастар

Тастар суық мезгілде пайда болған жұқа, бірақ өте үлкен мұздың әсерінен  қозғалғаны белгілі болды. Мұз еріген кезде, тастар жылжып, қозғалады.


 

3. Кава Иджен

Индонезиядағы Кава Ижен жанартауында керемет табиғи көріністі - көгілдір сәулелі лаваны байқауға болады. Бұл құбылыс тек қана әдемі  емес, сонымен бірге қауіпті.

Кава Иджен

Жақын жерде болған кезде бетіңізге қорғаныс маскасын кию керек, өйткені, биіктігі 5 метрге дейінгі жарқырау улы күкіртсутектің күю процесімен байланысты. Туристерге мұнда ұзақ ұзақ уақыт өткізуге кеңес берілмейді, себебі, жанартау кратеріндегі көл де улы және күкірт қышқылынан тұрады.


 

4. Лентулярлы бұлттар

Бақылаушылар  аспанда ұшып жүрген дәл осы нысанд БҰН деп ойлап, қателесіп жатады Бұлттың формасы әйгілі ұшатын табаққа ұқсайды. Күдік тумау үшін, белгілі бір толқындар мен ауа қабаттары бұлтарға сопақша пішін беретінін атап өткен жөн.

Лентулярлы бұлттар

Таңқаларлығы, бұл сопақша бұлттар, тіпті, күшті желдің әсерінен де қозғалмайды. Бұл су буының үнемі конденсациялануына байланысты. Бұлттар аспанға 2–15 км биіктікте жабысып тұрған сияқты және бұл атмосфералық фронттың жақындағанының белгісі.


 

5. Жібек құрты ағашы

Пәкістанда өсетін бұл ағаштардың сыртқы келбеті кейбір қорқынышты фильмдерге сәйкес келер еді. Бұл үлкен кокон ағаштары мыңдаған ағаш діңдері  мен корнды еске салады. Осы біртүрлі құбылыс Тасқыннан кейін пайда болды. Тасқыннан қашқан өрмекшілер бұтақтар мен жапырақтардан пана тапты.

Жібек құрты ағашы


 

6. Түрлі-түсті эвкалипт

Өсімдіктің діңгегі мен бұтақтары әртүрлі түстермен боялған. Мұның бәрі жыл мезгіліне, ағаштың жасына және жуадығына байланысты.

Түрлі-түсті эвкалипт

Алдымен қабығы жасыл түсті болады, бірақ уақыт өте келе ол күлгін, қызғылт сары немесе қою қызыл түске боялады. Қабық жасы ұлғайған кезде, оның қоңыр фрагменттері шыға бастайды. Жас және кәрі қабықтың ауысуы арқасында таңқаларлық үлгі пайда болады.


 

7. Үлкен көк ойық

Белизге жақын жерде, Атлант мұхитының көгілдір бетінің ортасында қара көк түсті шеңберді көре аласыз. Бұл ойықтың тереңдігі 100 метрден асады және сүңгуірлердің сүйікті орны.

Үлкен көк ойық

Судың ашық және қою түстері бөліп тұрғандай, сол үлкен көк ойықты дәл сондай дөңгелек арал қоршап тұр. Қиял-ғажайып табиғат көрінісі!


 

8. Кататумбо найзайғайы

Күн күркіреуі мен найзағай Жер бетінде жиі бола бермейді. Бірақ жылына бір шаршы шақырымға орташа есеппен 200-300 найзағай түсетін жер бар.

Кататумбо найзайғайы

Венесуэладағы Кататумбо өзені Маракайбо көліне құяды. Анд бөлігінен келетін күшті ауа ағындары бұл бөлімге түсіп, электр разрядтарын тудырады.  Бұл табиғи құбылыс көптеген километрлерде айқын көрінеді және ұзақ уақыттан бері табиғи маяк ретінде пайдаланылып келеді. Кататумбо найзағайы, сонымен қатар, озонның ең қуатты генераторы болып табылады және жақында ЮНЕСКО-ның қорғауына алынуы мүмкін.


 

9. Брайникл

Аздап тұздалған мұзды су мен тұзды мұхит суының қоспасы брайникл тудырады. Мұздық төмен түсіп, түбінде өсе алады.

Брайникл

Бұл сталактит түріне ұқсас құбылыс, тек су астында. Әрине, брайникл тек полюстердің жанындағы суық суларда кездеседі. Олар тірі мұз сияқты, өз жолындағының барлығын өлтіреді. Ол су жұлдыздарына, балықтарға және балдырларға тигенде, оларды дереу қатырып тастайды. Міне, осындай "қауіпті" сұлулық.


 

10. Қанды сарқырама

Шығыс Антарктиканың қарсыз аңғарында, жер асты өзендерінен жалғасып шыққан қызыл судың ағындарын көруге болады. Суға ерекше түс беретін - микроағзалар.

Қанды сарқырама

Күн сәулесінің жетіспеуіне байланысты олар темір химиясы мен күкірт қосылыстары қатысатын күрделі химиялық реакциялар арқылы энергия алуға мәжбүр.


 

11. Биолюминесценция

Ең керемет табиғат құбылыстарының бірі. Атмосфералық оттегі микроорганизмдерден тарайтын сәулемен араласып, мұхит толқындарында көгілдір жарық тудырады. Күшті прожекторлар суға батырылған сияқты әсер қалыптасады. Биолюминесценция түнде ерекше әдемі көрінеді.

Биолюминесценция


 

12. Суасты сарқырамасы

Үнді мұхитында орналасқан Маврикий аралы өзінің сұлулығымен таң қалдырады. Одан алыс емес жерден жұмбақ және сізді толықтай баурап алатын құбылысты - су астындағы сарқыраманы көре аласыз. Әрине, су астындағы су болуы мүмкін емес, бірақ мұндай елес ерекше назар аударуға тұрарлық.

Суасты сарқырамасы

Сізді таң қалдыратын ақпараттар >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace