Volkswagen Golf унвиверсалы хэтчбектен қарағанда әлдеқайда кеңірек болады.
Автор: Леонид Попов , ДРАЙВ
Универсал алдынан қарағанда хэтчбектен айнымайды, тек қана рейлингтері өзгеше. Ортаңғы бағанға дейін кузовтар бірдей секілді. Ал әрі қарай барлығы оригиналды
Сегізінші Гольфтің жарық көруіне көп уақыт бұрын ресми ақпарат шыққан болатын: «кузовтың саны универсал мен үшесіктіктің әсерінен азаяды», - деген. Практикалық жағынан тиімді Variant әлі де бар. Бірнеше күн бұрын фотошпиондар жол үстінен жаңа буынның тесттік экземплярын ұстап алды. Біраз маскировка премьераның жақындығы жайлы айта алады. Ол жылдың соңына дейін өтуі тиіс. Сонымен қатар, Варианттың өндірісі Вольфсбургтағы Цвиккауға (ол жерде бұрынғы буындағы универсладар жиналған болатын) көшірілді
Прототиптің жарықшамдарындағы стикерлар өткен модельге ұқсас етеді, бірақ бұл өтірік: шынымен айтқанда, ол дәл бесесікті хэтчбектің жаңа буынындағы секілді болады
Өткен буындағы хэтчбек пен универсалдың арасында доңғалақтар базасы жағынан ешқандай айырмашылық болған жоқ. Ал енді болады. Autobild баспасөзі Vairant моделі Golf VIII (Вариантта артқы бүйір жағындағы есіктері ұзынырақ болады) хэтчбегіндегі 2636-ға қарсы 2680 мм ұзындығын алады деп сендіреді. Практикалық пайдасы мен жайлылығы тек қана арта түседі, силуэті ерекше төбе мен артқы әйнектердің формасының арқасында бұрынғыдан спортшылдау болып көрінетін болады
Сегізінші буынды тесттік машинада (жоғарыда) шамалы маскировка бар, қисаятын сызықтар. Мысалы, артқы бағанадағы қара бояу. Ал егер де автомобильді өткен буындағы универсалмен (төменде) салыстырсақ, прототиптің кузовы шынымен де жаңа екені, әйнек сәл жіңішкелеу, ал артқы бағана көбірек қисайтылғаны байқалады
Моторлық гамма хэтчтегі секілді болады, 90 күші бар литрлік турбоүштіктен бастап, 245 күші бар GTE гибридіне дейін. Гольф отбасының жетінші генерациясында R универсалы да бар, «эр» хэтчбегінін шығуына қатысты практикалық жағынан тиімді кузовтағы аналогын күтуге құқығымыз бар. Ал универсалды GTI ешқашан болған емес. Компания осындай қадамға барса, жағымды тосынсый болар еді. Бағдарламашылар сәтсіздікке ұшырамаса болғаны