Tesla компаниясы

Tesla, BYD және BAIC электромобиль сатушылар қатарында әлемдік үштікке кірді. Бұл жайлы «China Daily» хабарлайды.

“EV-volumes.com” порталының электромобиль сатылымы есептері бойынша 2019 жыл бойынша Tesla компаниясы бірінші орынға ие. Оның бір жыл бойынша сатылымы 368 мың электромобильге жетеді. Көшбасшыдан кейін екі Қытай маркалары – BYD және BAIC тұр, олар 229,5 мың және 160,3 мың электромобиль сатқан.

Жалпы 2019 жыл бойынша 2,2 млн астам электро мобиль сатылған болатын, бұл көрсеткіш 2018 жылдың көрсеткішінен 10%-ға көп. Көліктер нарығындағы электромобильдердің үлесі 2,1%-дан 2,5%-ға дейін артты. Яғни қазіргі кезде әрбір сатылған 40 автокөлікке 1 электромобильден келеді.

Айта кететін жағдай, үздік 10 электромобиль өндірушілердің жартысы Қытай брендтері болып табылады. Бұл Қытайдағы электромобиль өндірушілердің және жалпы электромобильдердің үлесі жайлы айтады. Рейтингке және де европалық әйгілі брендтер де іліккен. Мысалға, BMW, Volkswagen, олар қарқынды түрде әлемдік электромобильдер нарығына бет алуда.

      Әлем бойынша ең көп электромобиль сатылымдарына ие үздік 10 марка қатары:
  • Tesla

  • BYD

  • BAIC

  • SAIC

  • BMW

  • Volkswagen

  • Nissan

  • Greely

  • Hyundai

  • Toyota

Қазақстандық KIA кроссовері >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace