Ең алғашқы электрикалық жедел жәрдем көлігі – Nissan EV

Ең алғашқы электрикалық жедел жәрдем көлігі – Nissan EV туралы толық мәлімет.

Автор: Леонид Попов , ДРАЙВ

Nissan маркалы жедел жәрдем көлігі техникалық жақтан алсақ, Renault Master Z.E. фургонын қайталағандықтан (жоғарыдағы фотода оның приборы көрсетілген), бір қуаттанғаннан 120 км қашықтық өту қоры бар деп есептей аламыз (өндірушілердің айтуы бойынша, шынайы жағдайларда)

Nissan компаниясы Жапонияға алғаш қоршаған ортаға еш зияны жоқ жедел жәрдем көліктерін өндіретіні жайлы жариялады. Автокөлік қарапайым атауға ие – Nissan EV Ambulance (Nissan EV жедел жәрдем), NV400 вэн базасында жасалған, ал ол өз кезегінде Renault Master моделінен көшірілген. Электрокар Токиолық Икэбукуро өрт сөндіру базасында қызмет жасайтын болады

 

Ең алғашқы электрикалық жедел жәрдем көлігі – Nissan EV

Машина «Қоршаған ортаға зияны жоқ Токио» инициативасына байланысты құрастырылды. Электрокардың ұзындығы – 5548 мм, ені – 2070, биіктігі – 2499

 Жедел жәрдем көлігі қарапайым желіден 7 кВт кұшінде қуат алатын (Type-2 разъемы) 55 кВт (74,8 а.к.) және 220 Н.м плюс тартқыш 33 кВт.ч литий-иондық батареясы бар электромоторға ие болды. Сонымен қатар машинаға қосымша 8 кВт.ч аккумулятор орнатылған, 110 вольт желісінен бір жарым киловатт күшінде қуат алады

Ең алғашқы электрикалық жедел жәрдем көлігі – Nissan EV

Ниссандық вэнді жедел жәрдем көлігіне айналдыруға Ниссанның серіктестері – жапондық Autoworks Kyoto мен европалық Gruau фирмалары жауап берді

Қосымша батареядан кондиционер мен әр түрлі медициналық аппараттар қуаттауға болады, солайша көліктің қозғалуына қажет қуат жұмсалынбайды. Сонымен қатар машинаға электроприводты зембілдер орнатылған. Шусыз вэн медиктер мен құтқарушыларға ұнауы тиіс дейді өндірушілер. Компанияның айтуы бойынша, осы жедел жәрдем көлігін электроэнергияның апаттық түрде өшуі жағдайында мобильді қуат көзі ретінде қолдануға болады

Мақала оригиналы >>>

БАӘ нарығында сирек механикалы Land Cruiser 200 шықты >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace