Бала ақыл-ойы жағынан анасына ұқсайды

Тұқым қуалайтын ерекшеліктер жайлы осы мақаладан біле аласыздар.

 Шаш пен көздің түсі, бойымыздың ұзындығы жағынан біз ата-анамызға, ал, кейбіреулері ата-әжелеріне ұқсайды. Бірақ, бізге "мұра" болып қалған, соншалықты айқын емес, дегенмен, маңызды көптеген ерекшеліктер бар. Біз ата-анамызға не үшін алғыс айтуымыз керектігін немесе, керісінше, неге ренжуіміз керектігін анықтадық.


1.Тіс денсаулығы сіз оны қалай күтетініңізге емес, тұқым қуалаушылыққа байланысты.

Тіс денсаулығы сіз оны қалай күтетініңізге емес, тұқым қуалаушылыққа байланысты.

Сіз күніне екі рет тісіңізді жақсылап тазаласаңыз да, тісжегі пайда болып, тіс ауруы болса, өзіңізді кінәламаңыз. Бәрі генетикаға байланысты болуы мүмкін. Бұны ғалымдар да өз зерттеулерінде растайды. Мүмкін сізге ата-анаңыздың басқа жағымды жағы мұра болып, жолыңыз болған шығар, мысалы, әдемі мұрны немесе сұлу мүсін.


2.Баланың денсаулығы анасына емес, әкесіне байланысты.

Баланың денсаулығы анасына емес, әкесіне байланысты

Біз баланың денсаулығы көбінесе ананың денсаулығына байланысты екенін естіп үйреніп қалдық. Алайда, Оңтүстік Каролина университетінің медициналық мектебінің ғалымдары біздің анамыздан гөрі әкемізден көп нәрсе алдық деген тұжырымға келді. Сізге анаңыздан келген жағымсыз ген әкеңізден алынған жағымсыз геннің жанында аса байқала бермейді.


3. Бала ақыл-ойы жағынан анасына ұқсайды.

Бала ақыл-ойы жағынан анасына ұқсайды

Бізге бала кезден ұл бала ақылды, қыз бала сұлу болуы керек деп айтылған. Егер отбасында қабілетті бала болса, көбіне бәрі: «Әкесіне ұқсаған!» - деп қайталайды. Ғалымдардың жақында жүргізген зерттеулері керісінше нәтиже берді. Балалар ақыл-ойының айтарлықтай бөлігі X хромосомасына байланысты. Ал әйелдерде осындай екі хромосома бар. Сондықтан, олар интеллектке байланысты сипаттамаларды екі есе жиі жібереді.


4.Бас ауруы тұқымқуалаушылықпен беріледі. Нашар ауа-райының оған еш қатысы жоқ.

Бас ауруы тұқымқуалаушылықпен беріледі. Нашар ауа-райының оған еш қатысы жоқ

Бізге ата-анамыздан тек қана жақсы қасиеттер берілмеуі мүмкін. Мәселен, бас ауыруы да тұқымқуалаушылықпен беріледі деген пікірлер бар. Кейде, бүкіл отбасы мүшелері осы аурудан зардап шегуі мүмкін.


5.Көп немесе аз ұйықтау генге байланысты.

Көп немесе аз ұйықтау генге байланысты

Аз ұйықтау қабілетін, әдетте, керемет ерік-жігермен байланыстырады. Ұзақ уақыт ұйықтауды ұнататындарды үкі немесе жалқау адамдар деп атайды. Шын мәнінде, бәрі DEC2 геніне байланысты. Оны Калифорния университетінің ғалымдары байқаған. Бұл геннің бақытты иегерлері басқаларға қарағанда аз ұйықтайды, бірақ, күні бойы өздерін керемет сезінеді.


6.Спортшы болып туылады.

Спортшы болып туылады.

 

Спортшылардың жеңістері - олардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бірақ, жақында шыдамдылық пен күшке жауап беретін ACE және ACTN3 гендері бар екендігі белгілі болды. Біз оларды ата-анамыздан аламыз. Егер балада бұл гендер болмаса, оның спорттық мансабына нүкте қоймаңыз. Тек осы генге ие болғандарға жоғары нәтижелерге қол жеткізу оңайырақ.


7.Табандылық, батылдық ген арқылы беріледі.

Табандылық, батылдық ген арқылы беріледі

 

Батылдық - бұл ген арқылы барлығына бірдей беріле бермейтін қасиет. Берлиндегі Макс Планктың адам дамуы институтының ғалымдары осындай тұжырымға келген. COMT - Val ферментінің өзгеруіне байланысты адамдар әртүрлі мәселелерді тезірек және икемді шеше алатындығы белгілі болды.


8.Депрессияға бейімділік генетикаға байланысты болуы мүмкін.

Депрессияға бейімділік генетикаға байланысты болуы мүмкін

Депрессиямен ауыратын адамдарға үнемі сенімсіздікпен қарамаңыз. Мүмкін, бұл мінездің әлсіздігі емес. Майамидегі (АҚШ) Адам геномикасы институтының зерттеушілері ДНҚ мен тұқым қуалау ақауы адам бойындағы депрессияға бейімділікке кінәлі екеніне сенімді.


9.Түшкіру синдромы тұқым қуалайды.

Түшкіру синдромы тұқым қуалайды

Егер сіз өзіңізден жарыққа немесе күнге қарау кезінде түшкіру әдетін байқаған болсаңыз, бұл жақын туыстарыңыздан алған тағы бір генетикалық белгі екенін біліңіз. Әдетте, егер ата-аналардың біреуінде мұндай қасиет болса, онда 50% жағдайда бала оған мұрагерлік етеді.


10.Оптимист ата-аналар - оптимист балалар.

Оптимист ата-аналар - оптимист балалар

Жарқын жүзділік пен өмірге құштарлық та бізге ата-анамыздан келеді. Эссекс университетінің зерттеушілері 5-HTT генінің ұзақ нұсқасы бар адамдар өмірдегі жағымды нәрселерге көбірек назар аударатындығын және сирек жабырқайтындарын дәлелдеді.


11.Сол қолмен жазу ерекшелігі де ген арқылы беріледі.

Сол қолмен жазу ерекшелігі де ген арқылы беріледі

Бір таңқаларлығы, LRRTM1 гені біздің оңақай немесе солақай болуымызға әсер етеді. Ол адам миындағы асимметрияны өзгертеді. Сондықтан, іс-әрекеттің барлығын сол қолмен жасайтын адамдарға өзге ғаламшарлық ретінде қарамаңыз. Бұл олардың кінәсі емес. Барлығы тұқымқуалаушылыққа байланысты.

Ал сіз ата-анаңыздың қай қасиетін мұра ретінде алдыңыз?


Шындыққа сәйкес келмейтін 8 табиғат иллюзиялары >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace