Адам сенгісіз табиғаттың 8 керемет иллюзиялары.
Адам қолымен немесе компьютер көмегімен жасалған иллюзиялар көпшілікті таңдандырады, көпшілікке ұнайды. Бірақта, кейбер кездері табиғат бұл жұмысты жақсырақ атқарады, айта кетсек, оның иллюзиялары толығымен шындық, дегенмен, ол шындыққа сену қиынға соғуы мүмкін.
Лентиклярлық бұлттар
Шыныменде БҰН (НЛО) бар ма? Бұл сұраққа жауап таба алмаспыз, бірақ келесі суретте мүлдем ұшатын тәрелке емес. Суретте сирек кездесетін бұлт түрі көрсетілген. Ол екі ауа қабатының арасында көлденең бағытталған ауа толқынында пайда болады.
© Heather Jonasson
Магнетик-Хилл
Қалай ойлайсыздар, бұл жол қайда бағытталған: жоғарыға ма, төменге ме? Сіз таң қаласыз, дұрыс жауап – төменге. Ерекше рельеф көлік өз бетімен, магнит тартып жатқандай жоғарыға кетіп бара жатқандай әсер береді.
© Fulvio Spada
Маврикий
Жоғарыдан қарасақ, судын астында су сарқырамасы бар секілді болып көрінеді, бірақ мұндай құбылыс мүмкін емес екені айдан анық. Сонда бұл эффект қайдан алынады? Дәл осы жерде Маскаринді үстірт жатыр, ол үстірттен ұсақ құм итеріледі. Осылайша су асты сарқырамасы иллюзиясы пайда болады.
© junaidrao
Ракотцбрюктегі көпір
Кромлау неміс саябағындағы осы көпірді қарғыс атқан деп атайды, себебі ол шындыққа жанаспайтын эффект береді. Өзеннің ортасында тегіс шеңбер бардай, оның ішінде кейбір кездері мүлдем басқа әлем көрінетіндей болады. Бірақ, әрине барлығы ол шеңберге қай бұрыштан қарағаныңызға байланысты.
© Holger Wirth
Намиб-Наукфлут
Ұлттық парк суреттері жиі өте графикалық әрі таң қаларлықтай әдемі болып көрінеді. Әрине, шындығында барлығы да контрасттан және де сәтті түскен күн сәулесінен, және сюрреализм қосатын кеуіп қалған ағаштарға байланысты.
© bk
Сёрвогсватн өзені
Бұл өзен Исландия мен Норвегияның өте ерекше жерінде орналасқан. Ол шамасы мұхиттан 30 метрге биік орналасқан, және сол мұхиттың үстінде жиналып қалғандай көрінеді.
© Alex Berger
Хорсетейл су сарқырамасы
Келесі фотоға лава қайдан келген, ол жерде вулкан жоқ қой? Бұл таң қаларлық жолмен суға түскен күн сәулесі. Осындай кадр ұстап алу мүлдем оңай емес, бірақ та ол нәтижесіне тұрарлық.
© Bob Yoshino
Атлантик Роуд
Келесі бұлттарға апаратын жолға қараңызшы! Атлантик роуд – әлемдегі ең қауіпті жолдардың бірі, Новрегияда орналасқан. Ол өте күрделі рельефті жерде жатыр, сондықтан да, белгілі бір бұрыштан қарасақ, жол кенеттен аяқталып қалатын секілді болып көрінеді. Бірақ шынымен айтқанда, ол бар болғаны бағытын бұрады, осылайша керемет иллюзия пайда болады.
© k.OmpOt