Сіз беле бермейтін деректер топтамасы

Сіз үшін қызықты болатын 10 дерек.

 

  • IPhone, Гарри Потер жайлы кітаптар мен кубик-рубик – адамзат тарихындағы ең көп сатылған заттар.
  • Бүйрек трансплантациясы жасалынған кезде адамның нағыз бүйректері өз орнында қалады. Дәрігерлер тек үшінші бүйректі қосады. «Түпнұсқа» бүйректер науқастың денесінде қалады.
  • Жер шарындағы халық саны 50 жылдың ішінде 2 есеге өскен. 1960 жылы бүкіл әлемдегі халық саны 3 млрд болса, 2010 жылы 7 млрд-қа жеткен.
  • Ірімшік зат алмасуды жақсартады. Ғалымдар зерттеу барысында өте қызық ақпаратты анықтаған: ірімшікті мүлде емейтін адамдарға қарағанда, жиі ірімшік жейтін адамдардың денсаулықтары мықты, әрі дене бітімдері сымбатты болады. Ірімшіктің құрамында кездесетін қандай да бір зат зат алмасуды жылдамдатып, салмақты бірқалыпта ұстауға көмектеседі.
  • Ежелгі римдіктен иттерін жерлеп, қабір үстіне эпитафия жазған. Сондай бір қабірде келесідей сөздер жазылған: «15 жыл бұрын сені өз үйіме үлкен қуанышпен кіргізсем, қазір сені «соңғы демалыс орныңа» көзіме жас ала отырып алып келдім».
  • Барлық әлем чемпионаттарына қатысқан жалғыз команда – футболдан Бразилия Құрама командасы. Оған қоса, осы чемпионаттағы ең табысты команда: 5 рет жеңіске жетке.
  • Махатма Гандидың шын есімі – Мохандас. «Махатма» - адам аты емес, «Ұлы тұлға» дегенді білдіретін атақ.
  • Болгар бұрышында апельсинге қарағанда көп С дәрумені бар. Орта көлемді апельсінде, шамамен, 69,7 мг С дәрумені кездеседі, ал ол басқа жемістермен және көкөністермен салыстырған әлдеқайда аз. Мысалы, ұсақтап туралған болгар бұрышының бір кесесінде апельсиннен қарағанда 3 есе көп С дәрумені бар – 190 мг.
  • Нацистер Зигмунд Фрейдтің кітаптарын отқа жағып жібергенде, оларға өте керемет жауап айтқан: «Адамзаттың даму деңгейін қараңыз! Ортағасырда менің өзімді отқа жағар еді, ал бұлар менің кітаптарыммен ғана қанағаттанды».
  • Қытайда сандардың өзіндік мәні бар. Мысалы, 1 – «қалаймын», 2 – «екеу», «жұп», 4 «өлім», 5 - «мен», 6 – «сәттілік», 8 - «байлық», 9 – «мәңгілікке». Қытайлықтар өздерінде қалыптасқан ырымдарға байланысты 514 санынан қорқады, себебі ол «Мен өлгім келеді» дегенді білдіреді. ал 289 санын жақсы көреді: «Жұптарға байлық мәңгілік» - тойда ең жиі айтылатын тілек.

Ұқсас материал >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace