Әлемдегі ең таңғажайып 10 бақ

Бұл топтамадан әлемдегі ің таңғажайып 10 бақпен таныса аласыздар.

Адам өзімен және табиғатпен үйлесімді өмір сүрген кезде, керемет туындылар жасалады. Қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүріп, өзін керемет өнертапқыш ретінде сезінсе, адам екі есе әдемі нәрсе жасай алады.

Ландшафт дизайнерлері өсімдіктер мен тастардан таңғажайып шедеврлерді жасау бойынша, ең керемет сәулетшілерден кем түспейді. Бұл әлемдегі ең ерекше және таңғажайып 10 бақтың тізімі. Олардың әрқайсысы - бұл адам мен табиғаттың шығармашылық тандемінің нағыз туындысы.  Жаны романтикаға толы адамдар үшін бұдан асқан жер таба алмайсыз!


Травесса-де-Патрочинодағы тұрғын үй

Травесса-де-Патрочинодағы тұрғын үй

Бұл ерекше үйді Португалияның Лиссабон қаласында Ребело де Андраде тұрғызған. Үй 25 түрлі өсімдіктердің бірегей тік ландшафтарымен безендірілген.


Артигас бастары

Артигас бастары

Антонио Гаудидің 1905-1906 жылдар аралығында жасаған туындыларының бірі. Бұл керемет бақтар Испанияның Ла Побла-де-Лиллетте муниципалитетіндегі Пиренеев тау етегінде, Барселонадан 130 км қашықтықта орналасқан.


Хелиганның жоғалған бақтары

Хелиганның жоғалған бақтары

Ландшафты-парк өнерінің бұл кереметі Англияда, Корнуолл округіндегі Мевагисси қаласының жанында орналасқан. Хелиганның жоғалған бақтары XVIII ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың бас кездері құрылды.

Бұл керемет аралда сіз таңғажайып орман тұрғындарының батпақтан жасалған екі үлкен мүсінін, көптеген жасанды көлдер мен Еуропадағы жалғыз ананас плантациясын кездестіре аласыз. Бірінші дүниежүзілік соғыс адам мен табиғаттың осы өнер туындысына теріс әсер етті. Бақшалар бір ғасырға жуық уақыт қараусыз қалған. Бірақ, 90-шы жылдары мұнда өмір қайта жандана бастады.


Пластикалық бөтелкелердің вертикалды бағы

Пластикалық бөтелкелердің вертикалды бағы

Бұл бақ тар және көзге көп көріне бермейтін Бразилияның шағын көшелерінің бірінде орналасқан. Сұр және бұлыңғыр қабырғаларда екінші өмір басталғандай болды. Пластикалық бөтелкелерден жасалған бұл бақ - бразилиялық танымал "My Sweet Home" телевизиялық шоуының жобасы.


Гномдар бағы

Гномдар бағы

Зальцбургтегі Мирабелл сарайында орналасқан бақта сіз ондаған ергежейлі тас мүсіндерді таба аласыз. Көптеген мүсіндер нағыз ергежейлілерге ұқсатып жасалған. Бұл кішкентай адам мүсіндері сізге ерекше ертегі атмосферасынсыйлайды.


Патрик Бланктың вертикалды бағы

Патрик Бланктың вертикалды бағы

Бұл әдемі вертикалды бақты 2008 жылы француз ботанигі Патрик Блан Париждің Эльзас даңғылында орналасқан ғимараттың алдыңғы жағында жасаған. Вертикалды бақтар сияқты ерекше туындылардың арқасында Бланк бүкіл әлемге танымал болды.


Аксель Эрландсон ағаш циркі

Аксель Эрландсон ағаш циркі

Бұл көркем ағаш мүсіндерін Гилрой бақтары деп те атайды. Оларды американдық дизайнер Аксель Эрландсон 1925-1963 жылдар аралығында жасаған. Мамандығы бойынша Эрландсон фермер болған және табиғаттың кейде таңқаларлық нысандарды жарататындығына әрқашан қызығушылық танытқан. 

Содан кейін, ол өзін өнер туындысын жасаушы ретінде сынап көруді жөн көрді. Ал ол жасап шығарған өнер туындысы рахат сыйлай отырып, таң қалдырады. Бақшада әр түрлі геометриялық пішіндегі 25-тен астам ерекше ағаштарды тамашалай аласыз.


Ботаникалық пирамида бағы

Ботаникалық пирамида бағы

Ежелгі Египет пирамидаларын еске түсіретін Муттарт консерваториясының ботаникалық бағы Канаданың Эдмонтон қаласында орналасқан. Осы мистикалық бақтарды көргенде, олардың адам қолымен жаратылмағанына сенер-сенбесіңізді білмейсіз.


Омега автоматтандырылған бағы

Омега автоматтандырылған бағы

Оны тағы бақша-әткеншек деп те атайды. Бұл 36 модульден тұратын ерекше жүйе. Әткеншек принципі бойынша бүкіл дене жарық көзінің айналасында айналады. Шеңбердің түбінде өсімдік тамырлары қоректік ерітіндіден өтеді. Осындай айла-шарғы жүйесін пайдаланып бір уақытта 80-ге дейін өсімдік өсіруге болады.


Баспалдақты бақ

Баспалдақты бақ

Сіз бұл тірі баспалдақты Жапонияның Фукуока қаласынан көре аласыз. Осы ландшафты практикалық мақсаттар үшін 1995 жылы Emilio Ambasz & Associates компаниясы жасаған.

Сұлулық - бұл қорқынышты күш! Осы бақтардың барлығында мистикалық бір нәрсе бар... Достарыңызды таңқалдырғыңыз келсе, оларға ландшафт-парк өнерінің ғажайыптарын көрсетіңіз.

ДНҚ-сы толығымен өзгеріп кеткен Невада тұрғыны >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace