Нартуған - ежелгі түркілердің, әсіресе қазақтардың тәңірлік наным-сеніміндегі ең басты мерекелерінің бірі.
Желтоқсан айының 21-ші күнінен 22-ші күніне қарағандағы
түн - ең ұзақ түн (әрі қарай түн қысқара бастайды). Сол түні “Нартуған мерекесі” басталып 1-ші қаңтарға Жаңа Жылға дейін созылған.
Жаңа Жылды ата-бабаларымыз он күнге созылатын Нартуған мерекесімен қарсы алған
Біз де қарсы алайық!
Келе жатқан он күндік Нартуған мерекеміз құтты болсын!
Бәріміздің армандарымыз орындалсын!
Баршаңызға денсаулық, мол табыс, сәттілік, қуаныш пен бақыт тілеймін!
23.30; 20.12.2021 ж.
Дауренбек Мырзашұлы Нысанов