Ишан болып жандары ұшқан екен, білмедім,
Сол ишандар халқына дұшпан екен, білмедім...
Ниеттері елінен алыс екен, білмедім.
Қарсы келген ишанға - намыс екен, білмедім.
Намыскерлер оларды жерлер екен, білмедім,
Елін өрге сүйреуші ерлер екен, білмедім.
Ишандарға қарсылар ноян екен, білмедім.
Ишандарға бас иген қоян екен, білмедім.
Ишандарды қолдаған - сайқал екен, білмедім.
Адастырған ел-жұртын сайтан екен, білмедім.
Айтқандары шетінен жалған екен, білмедім,
Адамдықтан түгелдей қалған екен, білмедім.
Аш бөрінің бұл халық арқауы екен, білмедім,
Ишандарың ел жеген - қорқау екен, білмедім.