Жамбыл ауданы. Ұзынағаш ауылы.

                                                                                   «Аққайың» бөбекжайы басшысы:

 Куаныш Владимировна Жумабекова

Бөбекжайда тәрбие-білім беру процесін жүргізу  мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың үлгiлiк оқу бағдарламасына, жасына сай даму көрсеткіштеріне, нормативтік құжаттар мазмұнына және бөбекжайдың  жылдық жоспарына сәйкес жүргізілуі қажет.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспарының негізгі бөлігінің  бірі балалармен тәрбие және білім беру жұмысын бақылау және талдау болып табылады. Дәстүр бойынша, біздің мектепке дейінгі мекемеде бақылаудың келесі түрлері бөлінеді: тақырыптық, фронтальды, жедел, салыстырмалы және өзін-өзі бақылау.  Әдістемелік жұмыстың маңызды және күрделі бөлімдерінің бірі мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тақырыптық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес  жүргізілуі қажет болып  көзделетін  тақырыптық бақылау мыналарды қамтамасыз етеді:

  • Бөбекжайдағы педагогтердің қызметін талдау;
  • Бөбекжайдың нақты топтарында бағдарлама материалын іске асыру ерекшеліктері туралы толық ақпарат алу;
  • бағдарлама минимумін уақытылы түзету және жетілдіру мүмкіндігі, бұл сәбилерді тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Сондықтанда мен  бөбекжайдың  ең өзекті мәселесі балалар денсаулығын нығайту және сақтау болғандықтан,  « Бөбекжайдағы балаларды сауықтыру мен шынықтыру үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу» тақырыптық бақылаудың жүргізілу барысы мен  оны ұйымдастыру тәртібіне тоқталамын.

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру қызметінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану тиімділігін талдау.

Міндеттері: педагогтардың:

  • балалардың салауатты өмір салтына ықпал ететін біліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал ететін топтардағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру үшін жағдай жасауы;
  • ата-аналармен жұмысты өткізуі;
  • бар проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын белгілеу.

Бақылау нысандары: Ересек және мектепалды даярлық топтары

Бақылау әдістері:

  • тәрбиешілерге сауалнама жүргізу;
  • режимдік сәттерді бақылау, ҰОҚ-н талдау;
  • жоспарлауды талдау;
  • балалармен әңгімелесу, бақылау;
  • ата-аналармен жұмысты талдау;
  • топтардағы ЗКДО-ны талдау.

Бақылау бағыттары:

  • педагогтың кәсіби шеберлігін бағалау;
  • педагогтың жұмысын перспективалық жоспарлау;
  • балалардың білімін, іскерлігін, дағдыларын тексеру;
  • ата-аналармен жұмыс;
  • заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру үшін жағдай жасау.

Бақылау жүргізудің жоспары 5 бөлім негізінде жүргізілді.

  1. Педагогтың кәсіби шеберлігін бағалау
  2. Педагогтың оқыту және тәрбиелеу қызметін жоспарлау
  3. Балалардың физикалық дамуына жағдайдың жасалуы
  4. Балалардың білімін, іскерлігін, дағдыларын тексеру
  5. Ата аналармен жұмыс

Аталған бөлімдер негізінде педагогтер, тәрбиеленушілер және ата аналардың іс әрекет барысы арнайы қосымша  бақылау парақтарына сүйене отырып жүргізілді. Биылғы оқу жылында педагогтер мен ата аналардың денсаулық сақтау технологиялары мен салауатты өмір салтын ұйымдастыру туралы біліктері арнайы «GOOGLT диск» сілтемесі арқылы тексеріліп нәтиже анықталды.

Нәтижелер бойынша арнайы диаграмма арқылы мониторинг шығарылды. Мониторинг нәтижесіне сүйене отырып бөбекжайдағы балаларды сауықтыру мен шынықтыру үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізілуіне  swot талдау жасалынды.

S (strength) – күшті  жақтары

  • Педагогтердің дене шынықтыру, таңғы гимнастика, ояну гимнастикасы бойынша оқу қызметін ұйымдастыру және өткізуде, сондай-ақ әрбір жас тобында МДҰ күн тәртібінде қимыл белсенділігін денсаулықсақтау технологияларын пайдалана ұйымдастыру білігі жоғары.
  • Құжаттардың МДББС және бағдарлама талаптарына сәйкес денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып жоспарлауы 
  • ҰОҚ және күн тәртібінің сәттерінде денсаулық сақтау технологияларының тиімді пайдалануы
  • Топтарда және спорттық залда заттық кеңістіктік дамытушы орталардың безендірілуы мен орналастырылуы
  • Ата аналардың отбасында да салауатты өмір салтын сақтау үшін шаралар жүйесін ұйымдастыру біліктілігі жоғары.

W (weakness) – әлсіз жақтары

  • Жас мамандардың теориялық білімдерін практикада толыққанды іске асыра алмауы
  • Балалардың өз денсаулығын сақтау жолдары туралы білім деңгейін, алған білімдерін тәуелсіз іс-әрекетте қолдана білмеуі
  • Топтардағы заттық кеңістіктік дамытушы ортаның толымсыздығы
  • Интернет платформалар  мен  ресурстарды  пайдалану  дейгейінің төмен  болуы;
  • Тәрбиеленушілер мен ата-аналардың жұмыстың дәстүрлі түрінің үйреншікті әрекетке айналуы

O (opportunity) - мүмкіндіктері

  • Педагогтердің өз кәсіби шеберлігін жетілдіруге қызығушылығының артуы
  • Балалардың жас ерекшелігіне сай денсаулығын дамытуға бағытталған ойындарды ережелеіне сай орындауға ынталандыру 
  • Балалардың мотивациясын  арттыру мақсатында   педагогтердің  тәжірибесінде  электронды ресурстар мен интернет платформаларды пайдалану
  • Педагогтерге кәсіби  қолдау,  әдістемелік көмек  көрсету  мақсатында семинарлар, тренингтер  мен вебинарлар ұйымдастыру.

T ( threat) – қауіпі

  • Балалардың бөбекжайға қатысу көрсеткішінің төмендеуі
  • Тәрбиешілердің ата-аналармен өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықтың дәстүрлі емес формаларын қолдана отырып, осы мәселеге шығармашылық тұрғыдан қарау қабілетінің төмендігі
  • ҰОҚ-де цифрлық және  электронды ресурстарды қолданудың өз деңгейінде жүргізілмеуі.

Осы swot талдаудың нәтижесі педагогикалық кеңесте жарияланып, іс-шаралар атқарылды. Атап айтар болсам,

Педагогтермен денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып «Сырға толы қазынаны іздеуде» тақырыбында квест ойын, балалармен «Толағай», «Денсаулық күні», «Қыс қызықтары»тақырыбында  спорттық ойын сауық,  ата-аналармен «Балабақшадағы-бір күнім» тақырыбында онлайн ашық есік күні өткізілді.

Пайдаланушы бағалауы: 5 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсенді
 
Share on Myspace