Қытай: Сиань қаласының 13 миллион тұрғыны карантин астында

Қытайдың Сиань орталық ауданында Covid-19 Delta штаммын жұқтырған 52 адам тіркелген соң,

қытай мемлекеті 13 миллиондық қаланы жылдамдатып, карантинге жауып тастады

Мұндай батыл әрекетке себеп болған нәрсе, Қытайдың ай күнтізбесі бойынша жаңа жылға даярланып жатқаны және 4 ақпанда басталатын Қытайда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына байланысты

Терракот армиясы табылған Сиань ауданындағы алғашқы жұқтырған 9 желтоқсанда, қонақ үйінің қызметкерінен табылған болатын

Ресми өкілдер мұның себебі, Пәкістаннан келушілердің тоқтамағанынан деп отыр

Қытай мемлекеттік өкілдері Омикрон штаммының шыға қоймағанын мәлімдеген болатын

Алғашқы ауру табылғаннан бастап, билік өкілдері мектептер, қоғамдық көпшілік орындарды жауып тастады. Соған қарамастан жұқтырғандар азаймады

Қазіргі таңда контактта болған деген  30 мың кісі карантинге алынды

Қала тұрғындары Covid-19 тестінен өту үшін ұзын-сонар кезек күтіп отыр

Карантин шартына сай, әр отбасының бір адамы 2 күнде бір азық-түлік алуға баруына рұқсат берілген

Жабық карантин жүйесінің жоғарыдан төмен сатысында болған Қытайлық 4 қаланың бірі Сиань болып отыр

Естеріңізге сала кетсек, карантиннің ең жоғарғы шегінде, адамдарға көшеге шығуға мүлдем тыйым салынады. Оларға азық-түлік заттары үйлеріне жеткізіліп беріледі 

 

  

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace