Сауд Арабиясы Таяу Шығыс әскери сахнасындағы негізгі қарсыласы Иранды тұқырту үшін,
ядролық тоқпақ таситын баллистикалық ракеталар орнатып жатыр деп мәлімдеді АҚШ Орталық Барлау Агенттігі
Бұрындары Саудтар баллистикалық зымрандарды сатып алып келген болатын. Ендігі жерде өздері өндірісті жолға қоюға шешкен сыңайлы
Араптарда балиистикалық ракета жасай алатын 3 нысан бар болса, соның кем дегенде бірінде баллистикалық ракеталар жасалып жатқанға ұқсайды
Соңғы айларда Байден әкімшілігі және басқа да күштік құрылымдарға, Қытайды араптарға сезімтал баллистикалық технологияларды сатып жатқандығы жайында айтылған болатын
Саудтар жеке басына баллистикалық зымран өндірісін жолға қойып жатқанда, Тегеранның ядролық тоқпақ тасымалдайтын зымран жасау ісінен бас тарта қоюы екіталай болмақ
Ол жағдайда Таяу Шығыс мәселесі әрі қарай ушыға береді деген сөз...
"Еуропа Одағы мен АҚШ Тегеранның ядролық баллистикалық зымрандарын талқылап жүргенде, араптардың жасап жатқан тірлігі назардан тыс қалды" - дейді Миддлбери Халықаралық зерттеулер институтының профессоры, қарулану жөніндегі эксперті Джеффри Льюис
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен ОБА мәлімдеме жасаудан бас тартып отырған жайы бар
Сауд Араптарының Вашингтондағы өкілі болса, мұның: "Жаппай қырып жою қаруына жатпайтындығын және халықаралық келісімдерге қайшы келмейтіндігін" айтып отыр
***
Сауд Арабиясының баллистикалық технологияны Қытайдан ақырындап алып жатқаны жайлы ақпарат 2019 бастап шыға бастаған. Сол кездегі Ақ үй басшысы Трамптың назарына да жеткен. Алайда брифингтерде күн тәртібінен алынып тасталып отырған
Демократтар мұны біліп ашуға булыққан болатын. Демократтардың пікірінше Трамп саудтарға "тым жұмсақ"
Байденнің АҚШ конгресіне жақында Сауд Арабиясына 650 млн долларға қару-жарақ сататынын мәлімдеген болатын
Олай болса, қалталы клиенттерін қапа қылуға Байден әкімдігі де мүдделі болмаса керек...