Украина мен Ресей шиеленісі. 7 желтоқсан 2021

Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс жайында Бүгін Украина президенті Зеленский әскер күніне орай деп, әскерилердің даярлығын қарап шықты. Сонымен қатар алдыңғы шептегі әскерлердің арасына барып, дайындықтарын көрд

***

Ресеймен соғыс болған жағдайында, агрессияға қалай төтеп беруді қарастырды. Кездесуден соңғы пресс конференцияда Зеленский агрессорға қарсы қорғанысқа даярлығын мәлімдеді. АҚШ тарапы Ресейді Украин шекарасына әскери күштерді шоғырландыруы жөнінде айыптап келген болатын

***

АҚШ президенті Байденнің мәлімдемесіне сай, Украина НАТО ға енуі мүмкін

*****

Соғыс бола қалған жағдайда АҚШ Украинаға әскери көмек беретінін жариялады

***

Ақпараттарға қарағанда, Ресей Украин шекарасына әскери күшінің тең жартысына жуығын шоғырландырғанын жасырмайды

***

Алайда орыстар мұны тек әскери даярлық деп бүркемелеп отыр

***

Путиннің мәлімдемесіне сенсек, орыс пен украин бір туған екен, ресей БАҚ-ы екі халықтың бауырластығы жайлы деректі фильмдерді көптеп жариялауда

***

Украин тарабы олай есептемейді. Украиндардың ойынша Ресей билігі украинаның саяси тұрақтылығын шайқалтуға және президенті Зеленскийді билігінен тайдыруға мүдделі

***

Путин осы күнге дейін Зеленскиймен салмақты түрде сөйлесіп, кездескен емес. Путиннің Зеленскиді тек КВН ойыншысы ретінде ғана, ал Зеленскидің сөздерін, шоу ғана деп мәлімдеді

***

Американдық БАҚ бақылаушылардың зерттеулерін ұсынып отыр. Ол ұсынысқа сай, Ресей Украинаға үш жағынан шабуыл жасап, Украинаны түгелдей басып алуға ниетті дейді

***

Бұл шабуылын Ресей қаңтар-ақпан аралығында жасауы мүмкін. Алайды көптеген саяси сарапшылар орыстардың карта ойынындағыдай "блеф" жасап отырғанын айтуда

***

Яғни, орыстар қорқытып-үркіту арқылы Европа мен АҚШ билігін сенімсіз етіп, қоқан лоққыға ғана барып отыр. Яғни, ресей АҚШ-пен ашық конфронтацияға бармайды

***

Украина мен Ресей текетіресі

Сол секілді АҚШ-тың да ресейге шабуыл жасай қоюы екіталай. Негізінен алғанда, дипломатиялық қарым-қатынасты бұзуға АҚШ та Ресей де мүдделі емес

Пайдаланушы бағалауы: 5 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсенді
 
Share on Myspace