Әлемдік баспасөз осыдан 6 ай бұрынғы Женевадағы Байден мен Путиннің кездесуін талқылап жатыр
Осы кездесуде ядролық қаруды қандай жағдай болмасын қолданбау жайлы келісілген екен
Яғни, соғыс болған жағдайда да, екі жақ ядролық қаруды қолданбауы керек
Аталмыш кездесуде Байден Қырымды Украинаға қайтарып беруін талап еткен болатын, Путин әдеттегідей ол ұсынысты сырт тепті
Осы кездесуге орай болған пресс-конференцияда Байден:
"Егер демократиялық мемлекеттердің талабымен Қырымды қайтармайтын болса, онда оларға өте жаман болады..."
деген болатын
Қазіргі уақытта батыс елдерінің ресей мен белорусьқа қойған санкциялары күшейіп келеді
Келесі кезекте ресей мен белорусь өз валюталарын АҚШ долларына айырбастай алмайтын болды
Белоруссия қазіргі уақытта өте үлкен экономикалық тығырыққа тірелген
Саяси белсенділерді ұстап, қамаудан жалыққан жоқ. Мыңға тарта саяси белсенділер темір торға қамалды
Олар белорусь билігіне қарсы әлеуметтік желілерде пікір білдірген азаматтар болып шықты
Сонымен қатар, Белорусьпен әуе қатынасын батыс елдері тоқтатқанына орай, әуе тасымалы саласындағы көптеген қызметкерлер жұмыссыз отыр.