Бабалардан   айрылып,

Құлазыған   көңіл-ай.

Есіме   алсам   өткенді,

Тарқар   мекен   шерім-ай.

 

Басыңды   қос   бірігіп,

Қайрат   қылғын   елім-ай.

Жауың   келсе   сыртыңнан,

Айбат   қылғын   елім-ай.

 

Қолыңдағы   туыңды,

Биік   ұста   елім-ай.

Тізе   бүгіп   ант   беріп ,

Сүйіп   ұста   елім-ай.

 

Қайта   келген   салт-дәстүр,

Салтанатты   елім-ай.

Жібермегін   қолыңнан,

Өз дініңді   елім-ай.

 

Керегең   кең,  шаңырақ,

Биік  болсын   елім-ай.

Өз   ортаңда   қырандай,

Ұлың  болсын   елім-ай.

 

Ардақтайтын   анадай,

Қызың   болсын   елім-ай.

Келіндерің   ізетті,

Силы   болсын   елім-ай.

 

Қазақ   деген   ұлтыңа,

Кір   келтірме   елім-ай.

Сенімдерін   ақтайтын,

Пірің   болсын   елім-ай.

 

Сәкен Қожатайұлы

Т. Рысқұлов мектебінің мұғалімі

Ұзынағаш ауылы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Жанады жұлдыз сөнбейді  сезім шырақта ,

Көзбеннен айтқан жауапсыз қалмас сұрақта.

Жымыңдап күлген жұлдызға түсіп көзіміз,

Ойымыз кетті ұшқындап ұшып жыраққа.

 

Сөнеді-ау деген  үреймен қарап сенімсіз ,

Меңіреу жандай жабырқап  қалдық көңілсіз.

Шешуін шешпей құпия мынау жұмбақтың,

Ойымызды ашпай отырмыз біздер неге үнсіз.

 

Ұстаның алтын қолына тимеген қашаудай,

Мүсіндей болдық аяқтаусыз қалдық жасалмай .

Қанатсыз құстай ұшалмай қалдық қалықтап,

Тұндырып көзді ойлардан үнсіз басалмай.

 

Тарсылдап жүрек тынымы кетті сезбедің ,

Ойларға  тұнып бұлдырап менің көздерім.

Айта бер жаным жаныма менің жақандай,

Сүйемін деген  сүйсініп айтқан сөздерің.

 

Сезілді маған жүректің жәйсіз соққаны,

Өртемей жанды неғып тұр сезім оттары.

Жасқанбай жаным сөйлей бер тағы дауыстап ,

  Бұлбұлына ұқсап жайқалған жасыл бақтағы.

 

Сөндірме жаным сезімнің жанған алауын,

Үмітім десең жүрегіңде мәнгі жанайын.

Жанымның  тапқын , жанымның тапқын қалауын,

Бақ құсың болып бағыңа сенің қонайын.

 

Сәкен Қожатайұлы

Ұзынағаш  ауылы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
Share on Myspace