Шыңғысхан жайлы деректерді осы мақаладан біле аласыздар.

  • Шыңғыс хан (1155 ж. Немесе 1162-1227 жж.) - қолбасшы, Моңғол империясының негізін қалаушы және алғашқы ұлы ханы.
  • Шыңғысхан - Темуджин, Темучин, Темужин және Тэмужин есімдерімен танымал.
  • Шыңғысханның кейінгі ұрпақтары ұлы қолбасшының құрметіне ақсүйек, төрелер деп аталды.
  • Бір қызығы, Шыңғысханның әкесі 9 жасар ұлын унгират руынан шыққан 10 жасар қызға үйлендірген.
  • Әкесі қайтыс болғаннан кейін, бала отбасымен бірге үйінен шұғыл түрде кетті, өйткені, оларға жау қолынан өлу қаупі туып тұрған еді. Нәтижесінде, балалы ана ұзақ уақыт бойы дала кезіп, үңгірде тұруға және жиі ашаршылыққа шыдауға мәжбүр болды. Отбасы көбінесе ағаш тамырын жеп, күн көрді.
  • Шыңғысхан 10 жасқа толған кезде, ол ұстаған олжаны бөлісе алмаудан туындаған келіспеушіліктер негізінде туған ағасын өлтірді.
  • Кейбір деректерге сүйенсек, Шыңғысхан жасыл көзді және жирен шашты болған болуы мүмкін.
  • Қазіргі Моңғолия аумағында Шыңғысханға арналған көптеген ескерткіштер бар, өйткені бұл елде ол ұлттық батыр деп саналады.
  • Бүгінгі таңда жер бетінде әйгілі қолбасшының бірнеше ұрпақтары өмір сүруде, өйткені, оның сарайында мыңдаған күңдері болған.
  • «Шыңғыс» атауы «су иесі» дегенді білдіреді.
  • Есейген соң Шыңғыс хан біртіндеп бүкіл түзді өз қолына ала бастады, айналасындағы түрлі тайпаларды біріктіріп, барлық қарсыластарының көзін жойды.
  • Бір қызығы, Шыңғысханның көптеген басшылардан айырмашылығы, ол кейінірек дұшпандарын өлтіруді емес, оларды өз қызметіне тартуға кірісті.
  • Көбінесе Шыңғысхан кек алу үшін ірі елді мекендер мен қалаларды қиратты. Мысалы, парсылықтар Шыңғысханның елшісін өлтіргендіктен, ол Парсы патшалығын жойып, халқын да азаптап өлтірген.
  • Барлық даланы жаулап алғаннан кейін, Шыңғыс ханға қаған - барлық хандардың патшасы атағы берілді.
  • 90-шы жылдары Моңғолияда Шыңғыс хан бейнеленген қағаз ақшалар шығарыла бастады.
  • Бұрынғы парсы патшалығының аумағында орналасқан Иран моңғол шапқыншылығана дейінгі халық санына өткен ғасырдың басында ғана қол жеткізе алды.
  • Қазіргі мәліметтер бойынша, моңғол армиясының әрекеттерінен шамамен 40 миллион адам қайтыс болды.
  • Жан-жақта тарап жүрген көшпеді тайпалар тұңғыш рет Шыңғыс ханның тұсында ғана бір мемлекетке біріктірілгенін білдіңіз бе?
  • Әйгілі қолбасшының жерленген жері әлі белгісіз, дегенмен археологтар оны бір күні табудан үміт үзбейді.
  • Шыңғысханның қайтыс болуының нақты себебі әзірге белгісіз. Кейбір тарихшылар оны аурудан өлді деп айтады, ал басқалары аттан құлаудан өледі десе, ал басқалары ұлы ханды әйелі өлтірді деп сенеді.
Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace