Төлеби ауданында 70 га жердің араптарға берілгендігі жайлы ролик Youtube желісінде пайда болды.
Ол жер араптарға қандай негізде берілді?
Ол қай заңға немесе бұйрыққа сүйеніп берілді?
Болашақта сол заңға немесе бұйрыққа негізделіп тағы да жерлер берілуі мүмкін бе?
Қазақ жерінің жалпы мониторингін жасауға, қанша жер кімнің атында, екенін айқындап беретін
мониторинг қорытындысын үкіметтен күтеміз.
Еш болмаса осыны өкіметтен сұрап ала-алатын шамаң бар ма қазақ?
Үкіметке петиция жазып, қазақ жерінің мониторингін көрсетуді талап етеміз.
Қай жер, кімнің атында екендігін.
Оны істемесек, осы жер үшін қан төккен ата-бабаларымыздың әруағы атады.
Қазақтың әрбір шаршы метрінің өзімізге тиесілі екендігіне көз жеткізуге тиіспіз.
Оны істемесек, әруақ-Құдай ұрады.
***
Шетелдік жарғылық капитал араласқан, шетелдік компанияларға жер 25 жылға да жалға берілмеуі тиіс.
Қазақ жер қойнауын пайдалана алмайды, білімі, ғылымы, технологиясы дамымаған деп, мыс, алтын, темір, аллюминий, уран секілді
жер қойнауындағы байлықтарды шетелдік компанияларға толықтай немесе ішінара
(қазақстандық олигархтармен немесе ұлттық компаниялармен бірлесіп) пайдалануға беріп жіберді.
Рахатын өздері көріп жатыр. Қазақтың жер қойнауын сатып шіріп байып жүрген, яхталары мен ұшақтарын қаңтарып қойған олигархтарды естіп, біліп, көріп жүрміз.
***
Солардың қазаққа қайсысының жаны ашиды? Дауыс беруші тап ретінде (население) ретінде біз билікке қызықпыз.
Ал олар биліктің айтқанымен, ковид қорына, Мақтааралға жәрдем, Арыстағы жарылыстың орнын толтырамыз деп көз қылып
қаражат бөліп қояды.
Шын мәнінде, қазақтың жер қойнауын пайдаланып жүргендерге қазақтың елі, жері, тілі, тарихы, ділі, болашағы деген
мәселелер түк те қызық емес.
Қазақша сөйлеген олигарх көрдің бе?
Қазақ тілінің дамуына деп қомақты қаражат салған, ғылыми зерттеу орталығын ашқан олигарх көрдің бе?
Көрмейсің де.
***
Бүгін қазақты сорады, қазақтың байлығы сарқылған соң, шартты Уганда мен Зимбабвені сорады.
Ұшағына мініп, дүниенің ақша жасайтын жерінде көшіп жүре береді.
***
Бәрі аллаһтан деп сорлы қазақ отыра береді.
Бәрі құдайдың қолында емес, бәрі сенің қолыңда.
Сен қалай қаласаң солай болады.
Азаматтық белсенділігің оянып, айналада болып жатқан құбылыстарға, оқиғалар мен жағдайларға белсенді
атсалысып, кем-кетігін түземесең, кешегі 30 жылғы ашаршылық, репрессия немесе басқа зұлматтың болмайтындығына,
қазақтың одан қынадай қырылмайтындығына ешқандай кепілдік жоқ.
***
Бір аллаға сыйынып отырып, 30-шы жылдардағы ашаршылықта 6.5 млн қазақтың 4.5 - 5 млн аштан қырылды.
Одан қалса репрессия құрбаны болды.
Құдайсыз қурай сынбайды деп отыра берсең, көршің қиналғанда қол ұшын созбасаң, жазықсыз азаматты қаралап жатқанда,
құдайдың ісі деп қарап отырсаң, жер бетінен жоқ боласың.
Бәрі құдайдың қолында емес, барлығы өз қолыңда.
Қалай ұйымдасасың, солай тірлік өрбиді.
***
Барлық нәрсені ақылға салып, сарала.
Жалаң ұранмен айтақтағандардың артынан ере берме. Барлық кезде тәуелсіз шешім қабылдай біл.
Ауыз біріктіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығар.
Оны істей алмайды екенсің, ел ретінде, ұлт ретінде жер бетінен жойылып кету қаупің бар.
***
Неге дейсің бе?
Сенің экономикаң тоқыраған. Шикізаттық. Шетел валютасына, шикізат бағасына толықтай тәуелдісің.
Сол шикізаттың өзінен түсетін қаражат, толық дерлік олигархаттың қолында.
Қайдағы бір 42500 тг өзін мемлекет беруі үшін он ойланып, жүз толғанады.
Ал олигархтардың банктеріне жәрдем беретін кезде, миллиардтап лақтырады.
Шикізаттан түскен ақшаға азық-түлік, киім-кешек, құрал-жабдық және басқаларын сатып аласың.
Ол ақшаның жартысынан астамы тағы да шетелге кетеді.
Білім беру, ғылым саласы да тоқырап тұр.
Әлемнің алдына шықпақ түгіл, көшінен қалып қойғалы қашан...
Осы нәрсенің барлығын қалпына келтіріп, қазақ елін аспанға атын шығаратын сенсің.
***
Намысы бар бет болса, қызаратын уақыт болды.
***