Армысың Қағанат?! Хадисті әлсіз, өтірік етіп шығарудың жолын байқадың ба? Кез-келген пәтуаны жоққа шығара салатындар ше?

*** 

Араптың атасы көрінде жатып өкіріп жатыр, "Мен дінді ондай бәтуамен жібермедім" деп...

Біздің "у ағызатындар" халықты алдап тығу үшін, кез-келген пәтуаны жоқ ете салады, адасқан дей салады. Өздерінде титтей намыс болсашы...

Тағы қазақтар бес уақыт намазын қаза қылмаған деп соғады

***

Араптың әруақтары бұлқан-талқан:

"Мына қазақтың діндарсымақтары, асыл арап дінін әбден былғап бітті" деп

***

У ағызатындар бір уағыз айтады. Оны тобыры қуана, қауқылдасып қарсы алады Сосын Қазақ Рухы бар азаматтар қарсы уәж айтып, шулайды

***

Сосын семиттің сойылын соғатындар артқа қайтатын жол іздейді...

Қазақты уақытша басу үшін өтірік құрастырады:

- қожа ақсүйек, қазақ қара деген қожалардың идеологиясы өз араларында кеңінен айтылады... алайды қазақтар шуламасын деп, оны дінде жоқ ете салады

- арап тілі жәннат тілі, құдай тілі арапша деп сайрайды... қазақтар шулап кетсе, ол хадис сахих емес екен дей салады...

- ана дүниеде 4900 қызды айдайсың деп сайрайды... қазақтар шулап кеткесін, ол хадис сахих емес екен дей салады

- қатынды қамшымен сабау керек деп сайрайды... Қазақтар шулап кеткен соң, ол хадис сахих емес екен, қамшымен емес, мисуакпен сипалау... дей салады

- келіннің сәлем салуы бидға, марқұмның жетісі, қырқын беру бидға дейді... сосын ел шулап кеткен соң, біз салт-дәстүрді құрметтейміз деп соғады

- Абу Ханифа қызды 4 жастан қатын қылуға болады деген екен десең, ол да адам, қателеседі дейді - енді қайтем десең, құран оқы дейді.

- Құрандағы немере қарындасыңды қатын қыла бер деген жері ше? десең - құранды түсінуге ғылымың шақ дейді.

- Онда қайтейін десең? тәпсір имамдары түсіндіріп береді дейді

- Тәпсірде оғаш жер байқалса, ұстаз арқылы үйренбесең, адасасың дейді

- Ана ұстазға барсаң сопы...

- екіншісі бахабист...

- үшіншісі қыздарға дем, қатындарды ернінен сүйіп "дем салғыш"...

- төртіншісі "байға барса беріліп, кедейге барса беріліп" оқитын мунапиқ...

- бесіншісі "бір молда жарты адам, екі молда бір адам" дегендей...

- алтыншысына барсаң садақа сал деп сұңқылдап отырады

- жетіншісі дәстүрлі дін өкілімін деп, отарлаушылардың сойылын соғып отырады

- сегізіншіге барсаң, араптың ку мекиен даласында береке бар, құдай арапша сөйлейді деп қуып отырады

- тоғызыншыға барсаң, тыңдамасаң тоңқалаң асасың деп қорқытып отырады

- оныншыға барсаң, білім ал, білім ал... сарнайды. Сондағы тапқан өнері, күніне бес мәрте тоңқаю... қала берді арап пен жебрейдің атасының атын мадақтау...

***

Сонымен не керек, бәріне демалыңдар дегенсің ғой

Әркімнің құдайы өзінде

Пайдаланушы бағалауы: 5 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсенді
 
Share on Myspace