Қауымы адам атасы ақсақалы
Жол бастайтын, данасы, әпсанасы
Сол елді жөнге салған Данышпанды
Адамдар атап еді Ноқта ағасы

***

Ноқта ағаның ғарыштық ілімі бар
Одан қалды тоқыған білімі бар
Жердегі қауым жұртты алып жүрер
Бір басына жететін ғылымы бар

***

Ноқта ағасы қауым елді үшке бөлді
Үш ел болып бөлекше өмір сүрді
Жеті атадан аспастан қыз алма деп
Жетектегі еліне бек бұйырды

***

Қам, Шам, Япшы елі деп бөлінеді
Әрқайсы өз еркінше күн көреді
Бір-бірімен қыз алып, құдандасып
Жер бетіне таралып, жүре берді

***

Орналасқан жеріне қарайлайды
Тілі, тұрқы кейпі де орайлайды
Моңғолоид, европоид, негроидты
Осы аталған үш ата сабақтайды


***

Үш елі бір қазанды қайнатады
Тай үйретіп, аттарын ойнатады
Сары бала, қазақта қара қазан
Үштағанды ошағы мұра қалған

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace