Әлемде 1,5 (+-) млрд адам (оның ішіндегі қазақпын дегені қаншама?..)

- Құдайдың тілі арап тілі екендігіне

- Құдайдың арапша сөйлейтініне

- Ана дүниеге барғанда адамзаттың арапша сөйлейтініне

- Шарап пен бал өзен болып ағатынына, аршын төс хор қыздарына...  

- Біз секілді кяфирлер тозаққа жанып жатқанда, биік креслода отырып, біздің азапталғанымыздан кайф алып отыратынына

(дереккөз: Құран , Мутаффифин сүресі 34-36 аяттар)

(Тәпсірі: https://quran-online.ru/83/saadi   http://tafsir.ru/ayat/83-35/)

тағы сол секілділерге сенеді немесе жарым-жартылай сенеді екен (Кешеге дейін өзім де сенгем).

*****************

Енді...

Осыған сеніп жүрген 1.5 млрд халық ақымақ па дейді уағызшы молдалар?

Қарап көрейік.

Біреу айтты екен деп, бас-көз жоқ сене беретіндерді кім деуге болады?

Ақылы толық, сұңғыла ғалым дейміз бе, болмаса:

 Көп айтса, көнді, жұрт айтса сенді

 Әдеті надан адамның дейміз бе?
 
Ата-бабамыз осы дінді ұстанған дейді.

Солай ма? Ата-бабамыз ақпарат дәуірінде өмір сүрген жоқ. Сол үшін көптеген ақпаратты арап идеологтары жасырған

Мысалы мыналар:

-9 жасар қызды әйелдікке алу

- жеті атаға жетпей қыз алыса беру
- қазақтың салт-дәстүрі харам, бидға, ширк: Тәңірлік дүниетанымға сай қайтқан адамды шығарып салу, жетісі, қырқы, жылы, жоқтау айту секілді салттар харам немесе бидға, әрісі ширк

- домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай, жетіген... барлығының ішінде жын отырады, барлығы ислам бойынша харам

- әруаққа арнап мал шалу, әруаққа сыйыну, әруақты айтып жауға шабу

- тәңірлік танымға негізделген ою-өрнектер тағысын тағылар.

бұл нәрсенің барлығы жасырын ұсталған.

Кешеге дейін қазақ дін десе ата-баба әруағына ас беру, намаз оқыса сауабын әруаққа бағыштау деп келді

Сондықтан: ақпарат заманында ашылған тың ақпарат негізінде, мен, араптың идеологиялық уағызынан толықтай бас тарттым.

Өзіміздің ұлттық идеологиямызды жүргіземіз.

 
************************
 
 
Ана дүниенің тілі арапша деп айтқан арапқа сенген адамды кім дейміз?

Ана дүниенің тілін арапша қылуға араптардың мүдделі тарапқа жататындығы, олардың куәліктері сотта жүрмейтінін көбісі біле бермейді ау...

Ана дүниенің тілі қазақша деп айтсаң, дәлел сұрайды.

Дәлелі сол: қазақ айтты десең сенбейді.

Ал ана дүниенің арапша болатындығын арап айтса, оған сену керек екен

Арапқұл десе өкпелейді тағы...


************************************************

Жаратушы Күш (Эволюция, Құдай) адамша сөйлейді дегені қалай кетті?

Атеистерге түсінікті болуы үшін:

Эволюция арапша немесе ағылшынша, болмаса қазақша сөйлей ме?

Әрине сөйлемейді.

Деистерге түсінікті болуы үшін:

Дүниені жаратқан Құдірет Күш адам тілінде сөйлей ме?

Сөйлемейді

Неге?

*********************************************

Өйткені, тіл, дыбыс дегеніміз осы дүниедегі ақпарат алмасу құралы.

Ол құралдың жоғары деңгейдегі (адам санасынан жоғары) логика-математикалық есептерді шешуге қауқары жоқ.

Үйдегі нан турайтын пышақтың эксковатор секілді қаза алмайтындығы секілді,

адамның тілімен құдаймен сөйлесем дегені далбаса сөз.

Мына дүниенің заңдылықтарын біз орнатпаймыз.

Біз заңдылықты тек қабылдаймыз.

Өмірдің, табиғаттың заңдылықтарын ескере отырып, өмірді сол заңдылық - Алгоритммен үйлестіруге тырысамыз.
 
*************************************

Егер Алгоритм біздің сөзге құлақ асып, адам баласына Алгорит құлақ асатын болғанда, біз - өмірдің заңдылықтарын орнатуға атсалысқан болар едік.

Ал ол олай емес. Біз табиғатқа ешқандай заңдылық та алгоритм де орната алмаймыз. Біз тек сол заңдылықты сақтап, үйлесім таба аламыз.

Құдайдан сұраймын, құдайдан тілеймін деген болмағыр сөз. ("Құ құдай, шұнақ құдай" деп қазақтың зекуі соған дәлел)

Неге?

Өйткені заңды орнатушы Тәңір ешкімге де болыспайды.

Ал өз мүддеңді алға жылжытқың келсе, өзіңе тиесілі әруақтардан желеп-жебеуін сұрап, әрекет жасайсың.

Жалпы әруақтан сұрау дегеніңнің өзі, бойыңдағы энергияны оятуға тырысу ғана. (Яғни гендегі ақпаратты мейлінше пайдаға асыру)

Болмаса ешкім келіп қазаққа империя құрап бермейді.

Өзі жасамаса

**************************************************

Егер Сен, Заңдылықты білсең, онда қалауыңа жететін жолды да табасың.

Ал заңдылық - Алгоритмді білмесең, онда дұға-тілек дегенің көк тиынға татымайды.

*********************************

Егер дұға қабыл болатын болса, дүние жүзінде қалаған фанаттың діні орнайтын еді.

ДАИШ дүние жүзін басып алатын еді.

Дұға қабыл болса, ашаршылық жылдары қазақ қырылып қалмас еді.

Меккені су алмас еді, араптар әлемге патша болар еді...

Бірақ шындық олай емес.

Шындық мынау - ешбір адам заңдылықты орнатушы(лар) мен байланысқа шыға алмайды.
Ол(ар) жасаған алгоритмге өзгеріс, жетілдіру енгізе алмайды.  

Адам тек қабылдайды, мойындайды, үйлесім табады

**********************************
Адамның тілімен Алгоритммен сөйлесем деуің, нан турап жүрген пышақпен эксковатордың жұмысын атқарам деген секілді әбестік.

Адам тілі, біздің тіл дегеніміз - өз арамызда ақпарат алмасуға, өзімізбен бір тілде сөйлейтін, бір жүйеде ақпарат алмаса алатын

тіршілік иелерінің арасында ғана қолданыла алады.

***********************************

Ал өзіңнің тіліңді Алгоритмге теліп қою, өзіңнің нан турап жүрген пышағыңды эксковатордың жұмысын атқара алады деуің секілді надандық.

Араптың идеологиясына берілгендер Араптың құдайының құлақ, көз, тіл, аяқ, қолға... мұқтаж емес екендігін айтады.

Соның барлығына мұқтаж емес екен, онда неге адаммен сөйлесуге, оларға адамның тілінде ақпарат жөнелтуге мұқтаж?

***********************************

Өзіңнің "пәк", "мінсіз" құдайыңды қазір ғана адамның тіліне мұқтаж қылып қойдың.

Құдай тұрмақ тіпті адам арасында да тілсіз ақпарат алмасу кездесіп қалады. Мысалы:

"...Ғашықтың тілі тілсіз - тіл

Көзбен көр де, ішпен біл"

Яғни адам мен адам өзара тілсіз, сөзсіз, дыбыссыз ақпарат алмаса алады екен.

Олай болса құдай неге сөзсіз, дыбыссыз, тілсіз ақпарат алмаса алмайды?

Осыны бір ойлап қой.

******************************

Өзіңнің құдайыңды адам деңгейіне түсіріп алғаныңа миың жетті ме?

Құдайды адами сезім-әрекеттерге (ашулану, разы болу, кек қайтару, сөйлеу, қатынға ұқсап қарғау-лағнеттеу...) секілді теліп қойғаның құдайды адам секілді
қабылдағаныңның белгісі.

Иә, сендер құдайларыңды қарапайым адам секілді сезімге ие дейсіңдер.

Ал мен Тәңірді сезімнен жоғары тұрады дейм.

Тәңір ашуланбайды, разы болмайды, жазаламайды, сұрағанға жауап қайтармайды.

Орнатқан заңын білсең үстем боласың, білмесең жоқ боласың.

Бары сол ғана.

**********************

Енді мынаған қара. Қазақтың идеологиялық құралы араптың идеологиялық құралынан әрқашан үстем тұрады.

Қаған рухы оянды.

Төреге төрт табақ, қожаға екі табақ, қаймана қазаққа екеу ара бір табақ дегеннің заманы өтті.


*************************************************************

Дүниені

- құдай жаратса да  

- эволюция жаратса да  

Екі жағдайда да, жаралу, қалыптасу, бейімделу белгілі бір Алгоритмге сай болды.  

Яғни мен, тап қазір, Жаратылыстың Алгоритмдік Теориясын ұсынып отырмын.

Дүние эволюция нәтижесінде пайда болса да, құдай жаратқан болса да, ол белгілі бір Алгоритм (заңдылық, бағдарлама) бойынша іске асты.

Яғни, Алгоритмнің бар екенін
 
- Атеист
- Деист
- Агностик
- Діншіл мен дінсіз де жоққа шығара алмайды.

-------------------------------------------------------------

Енді...

Алгоритмде тіл бола ма?

Жоқ, болмайды

Алгоритмде біз білетін не бар?

- Цикл
- Заңдылық
- Ережелер бар.

Ол Цикл, Заңдылық, Ережені түсіну үшін, табиғатты бақылау керек.

Табиғаттың негізінде қорытынды жасап отыру қажет  

Табиғаттың белгілерін басқаша айта алмайсың, бұрмалай алмайсың.

Жаңбырға шықсаң үстің су болмайды, -40 градус аязда далаға жалаңаш шығып ыстықтап жүресің десең кім сенеді?

Ешкім де сенбейді.

Бірақ араптың қара тасы берекелі десең сенеді. Қолмен ұстап, ауызбен тістеп, санамен екшеп жететін нәрсе емес.

Тексеруге келмейді. Тек соқыр сенім.

Тіпті ертегі деуге келмейтін қисынсыз дүние.

Араптың ертегілері Табиғи Алгоритмге сай келетін нәрсе емес. Ұзаққа бармай-ақ,

бір емшек ембегендермен некелесе бер дегенінің өзі иісі қазақты шошытып жібереді


********************

Ендігі жерде:

Алгоритмге тіл бітіріп, оны бір ұлттың тілінде сөйлейді деу, ол ашуланады, отқа салады, қуанады, риза болады деу барып
тұрған надандық.

Табиғи алгоритмді бір ұлттың дүниетанымымен ғана қарап, араптың елі, жері, азаматы, тілі, тарихы қазақтан артық деп қарау,

кем дегенде аңқаулық.

Болмаса ақымақтық.

Сатқындықпен де шектеседі

***************************************

Адамның бұрмаланбайтын сөзі жоқ.

Егер құдай сөйлейтін болса, адам оны да бұрмалап алады.

Ситуацияға қарай.

Адам ұғатын кез-келген сөзді контекстіне қарай, дыбысталуы және басқа факторларға қарай,

қалауыңша бұрмалап ала беруге болады.

***********************************

Бұрмаланбайтын сөз жоқ.

Мысалы: Молдалар бай мен сұлтанның ығына қарай кез-келген сөзді бұрмалап, пәтуа бере береді.

Мысалы: Мұхамед өлген соң билікті тартып алушылар оның қызы мен күйеу баласының үйіне шабуыл жасады

( Омар сахаба айтады:
فأما الثلاث اللاتی وددت أنی لم أفعلهن فوددت أنی لم أکن کشفت بیت فاطمة و ترکته و أن أغلق علی الحرب
«Үш нәрсе жасадым. Соларды жасамағанымда ғой. Фатиманың үйіне шабуыл жасауға бұйрық бермегенімде ғой!»

(Дереккөз: «Тарих ислами», Захаби, 3 том, 118 бет;
«Муаджаму ль-кабир», Табарани, 1 том, 62 бет;
«Лисан уль-мизан», Ибн Хаджар Аскалани, 4 том, 189 бет;
«Мизан уль-иʻатидаль», Захаби, 3 том, 109 бет))

Салафиттер идеологы Ибн Теймия Мухамад өлген соң Абу Бакрдың (төрт шариардың бірі деген) Фатиманың  үйіне шабуыл жасатқанын мойындайды:

«Абу Бакрдың бұйрығымен адамдар Фатиманың үйіне баса-көктеп кірді» (Минхадж ус-сунна, 4 том, 220 бет)


Бірақ осы анық фактінің өзін түсіндіруде былайша құйтырқыланды:

- Абу Бакр Фатиманың (күйеуі Али, Мұхамедтің күйеу баласы әрі інісі)үйіне шабуыл жасатқан болса, ол сахабалардың арасындағы өзара түсінбеушіліктері),
- Олардың арасындағы тірлікте сенің шаруаң болмасын
- Аллахтың қалауы солай болды
- Бұл шииттердің тырнақ астынан кір іздеуі...

Дегенмен шабуылдың болғаны рас. Ал сөзді бұрмалағандар, осы шабуылдың өзін шабуыл емес, достық түсінбеушілік бұрмалайды...

*******************************

Неге?

Өйткені адамзат тарихындағы ең ұлы, данышпан, кемеңгер "тұлғаларының" беделіне нұқсан келмеуі үшін.

Абу Бакр, Омар, Осман, Али секілді тұлғаларының беделіне сызат түссе, олардың риуаят еткен хадистеріне сызат түседі.

Ал ол хадис пен аяттың туралығына күмән тудырса, соңында "мінсіз дін" деген түсінік жойылады.

Ал мінсіз дін жойылса, тегін тамақ, садақаның ақшасы, майланатын мұрт, жас тоқал... бәрін-бәрін ұмытып,

маңдайы терлеп жұмыс істеуіне тура келеді...
 
*********************

Мұхамедтің немересі Хасанның басын шауып алып, найзаға түйреп жүргенде де (Мұғауияның баласы Язидтің бұйрығымен),

сахабалардың арасында қырғын соғыс болып, Сыффин шайқасында 70 000 адам өлгенде де, Жәмәл - Түйе соғысында 12 000

адам өлгенде де бассыздықтың бәрін "құдай сөзіне" сүйеніп, жауып-жасырып, ақтап, бұрмалап шығарған, сол баяғы имам-молдалар.

Сөз деген қалауыңша бұрмалана береді.

********************************************

Шын құдай сөйлемейді.

Шын құдай бар болса, бұлжымас заң орнатады. Сол заңмен жүрген өсіп-өнеді, жүре алмағандар жойылып отырады.

Осы жерде:

- Құдайдың аты Тәңір.

- Ілімнің аты Қазақы Дүниетаным

- Желеп-жебейтін Әруақ!

******************************************

Шын құдайдың аты Тәңір, елшісі әруақ, мұрагері Қазақ.

************************************************************************

Тарихқа көз жүгіртсек, молда-имамдар "құдай сөзін" қалауынша илеп, хан мен шахқа қажет фәтуаны шығарып беріп отырған.

Қазақ даласын Кутайба ибн Муслимнен бастап, Бұхар, Хорезм, Қиуа, Қоқан хандықтарының талағаны,

жыл құрғатпай шабуыл жасап отырғаны тарихымыздан белгілі.

Қазақстанның оңтүстігіне ислам хандықтары тыныштық бермей, шабуылдаумен болған.

Олар қазақты "ихуануль муслимин - мұсылман бауырлар" деп қабылдаған болса, атасының басына қайта-қайта шабуылдап,

ұлымызды құл, қызымызды күң қылып отырған ба?

Қаба сақалдарды, айдап салып, "қасиетті жихадқа" уағыздап, "құдай сөзін" айтып отырған сол баяғы молдалар.

"Молданың күлгені, адамның өлгені..."

***********************

Молданың бірі Бұхар, Қиуа, Қоқан, Хорезмде отырса, екіншісі Стамбул мен Бағдатта отырып алып, қауға сақалдарды қазақтың сайын даласына айдап салып отырды.

Өтірік деген алдыма келсін.

Алланың атымен "кяфир қазақты" жаулап, ұлдарын құлақкесті құл, қыздарын күң ету керек деген фәтуаны да "құдай сөзіне"

негіздеп берген.

Қазақты әбден мазақ қылып болды ау мыналар...

Молдалар Құдайдың сөзіне жүгінеді, ал "құдайдың сөзі" тәпсірлеген адамына қарай, әмір мен шахтың қалауына қарай өзгеріп кете береді.

***********************************************

Әлқисса, құдай бар болса да, ол адамша сөйлемейді

Құдай бар болса да, оны түсініп білуге сенің өрең мен өрісің жетпейді

Бақшада өсіп тұрған помидор, Антарктида жайлы не айта алады?

Бақшадағы помидорыңның Антарктидаға барып, соны көріп келгеніне сенесің бе?

Сенбейсің

Сол секілді адамның АЛГОРИТММЕН (құдай, эволюция) сөйлескені де өтірік!

-------------------------------------------------------

Алгоритмде тіл бар ма?

Бар

Қай тіл?

Табиғат тілі. Сен оны тек оқып біле аласың. Қажетіңе пайдаланасың. Бірақ өзгерте алмайсың, жаңадан жасай алмайсың.

Бір нәрсені сұрап ала алмайсың. Тек қана Өмір Заңдылығын қабылдайсың.


***************************************************
Сонымен табиғат тілі дегеніміз не?

- желдің есуі
- қардың жаууы
- күннің шығуы
- ұшқан құс
- жүгірген аң
- жүзген балық
- жыбырлаған жәндік
- айналаңдағы адамдардың сөзі (Халық айтса қалт айтпайды)...

бәрі де Алгоритм тілі

Оны түсіну үшін Табиғатты, қоғамды, адамды ТЫҢДАУ керек

Сол кезде ғана үйлесім табасың.

***************************************************

Үйлесімнің арқасында Қас Сақ (Қа Сақ) бабаң әлемді биледі.

Қылыштың жүзімен, қаба сақалмен, тұмшаланған қапшықпен, дақпырт айғаймен дүниені жаулай алмайсың

Бәлкім Үйлесіммен өзіне тартасың.

Үйлесім табам десең ҚАЗАҚ бол.

Әлем Сақтан жаралғанда, Көктен үйлесімді алып түскен Қас Сақ (Қа Сақ ) бабаң еді.

Үйлесімнің арқасында әлемге Қа Хан болып еді

Өз Дүниетанымыңа орал. Әлемді билеген бабаңның Тағына отыр





Әруақ!

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace