Санкт-Петербургтегі Кунсткамера

Егер сіз тарихқа аса қызығушылық танытпайтын болсаңыз, онда сізді шынымен таң қалдыратын мұражай көрмесін таңдауыңыз керек. Назарларыңызға туристер арасында үлкен қызығушылық тудыратын анатомиялық музейлердің тізімін ұсынамыз.

 

1. Museum Vrolik

Әкелі-балалы Вроликтер албырт Museum Vrolik (Амстердам, Нидерланды) мұражайының негізін қалаған. Ағылшын-голланд тілінен аударғанда "вролик" сөзі "албырт", "жалынды" деген мағынаны береді, сол себепті мұражай осындай қызық атауға ие болған.

Museum Vrolik

Герардас Вролик пен Уильям Вролик медицина профессорлары болған және адамдардағы мутацияны зерттеген. Әкелі-балалы профессорлар мутациялардың үлкен коллекциясын жинады, олар уақыт өте келе мұражайға айналды. Экспонаттар ретінде сиамдық егіздер, циклоптардың балалары, екі бас құбыжықтар қойылған. Әртүрлі мутанттар келушілерге ұмытылмас әсер қалдырады.

Museum Vrolik

 


2. The Human Body Exhibition

The Human Body Exhibition

The Human Body Exhibition көрмесі немесе адам денесінің көрмесі алғаш рет Флоридада 2005 жылы қойылған және содан бері әлемнің көптеген қалаларында өткізіліп келеді.

Көрме қойылған елдердің өзі үлкен әсер қалдырады: Виннипег, Дублин, Амстердам, Роттердам, Атланта, Вена, Мадрид, Буэнос-Айрес, Монреаль, Ниагара-Фоллс (Онтарио), Богота, Кордоба, Барселона, Цинциннати, Сантьяго-де-Чили, Сан-Паулу , Прага, Братислава, София, Загреб, Будапешт, Белград, Лиссабон, Атлантик-Сити, Сан-Диего, Лас Вегас, Нью-Йорк, Сан-Антонио, Вашингтон, Омаха, Гонолулу, Индианаполис, Финикс, Сакраменто, Туссон, Кливленд, Сиэтл, Детройт, Рига, Варшава, Пуэрто-Рико, Любляна және Бойсе, Хайфа, сонымен қатар Хьюстон, Тегусигальпа, Сан-Сальвадор (Сальвадор), Бухарест, Лондон.

Көрменің экспонаттары ретінде бальзамдалған адам денелері қойылған, бір жағынан адам денесінің құрылымының күрделілігін көрсету үшін, екінші жағынан оның әсемдігі мен үйлесімділігін көрсету үшін. Ал олар қаншалықты әдемі екендігіне өзіңіз баға беріңіз. Айта кететін жайт, денелері экспонат ретінде қойылған адамдар көздері тірісінде, өлгеннен кейін олардың денелерін осы мақсатта қолдануға жазбаша келісім берген. Көрмені ұнатқандардың бәрі сол жерде өсиет-хат жазып, дүниеден өткен соң мұражай экспозициясын толықтыра алады.

 


3. Санкт-Петербургтегі Кунсткамера

Санкт-Петербургтегі Кунсткамера

Санкт-Петербургтегі Кунсткамера 1714 жылы Петр І-нің бұйрығымен салынды. Кунсткамерада миллионнан астам экспонат жинақталған. Егер бұрын экспонаттар ғылыми мақсатта пайдаланылса, қазіргі уақытта бұл тек адам мутациясының мұражайы, мұнда келушілер табиғаттың адам денесімен жарататын ерекше метаморфозаларын көре алады.

Санкт-Петербургтегі Кунсткамера

Айта кету керек, «ұсқынсыздар көрмесі» деп аталатын бұл музей біршама әлем халықтарының тарихын баяндайтын көптеген жәдігерлерімен әйгілі.

 


4. Мегуродағы паразитологиялық мұражай

Мегуродағы паразитологиялық мұражай

Алпыс жыл бұрын дәріген Свтуро Камегай Мегуродағы (Токио, Жапония) паразитологиялық мұражайдың негізін қалады. Дәрігер гигиена нормалары мен ережелерін ескермеген жағдайда паразиттердің адамға не істей алатындығын көрсету мақсатында жәдігерлер жинай бастады. Мұражай соғыстан кейін көп ұзамай, індеттер мен аурулар жапон қоғамына соғыс қимылдарының салдарымен тең келетін зиян келтірген кезде құрылды.

 


5. Нидерландыдағы адам денесінің мұражайы

Нидерландыдағы адам денесінің мұражайы

Мұражай он екі жыл бойы құрылды. Топтаманы жасау үшін жиырма жеті миллион доллар қажет болды. Ғимарат алпауыт адамның макетінің ішінде орналасқан, сондықтан оның ішінде еркін жүріп, адам денесінің мүшелері мен жүйелерінің құрылымымен және жұмысымен танысуға болады. Мұражай қызметкерлері медициналық білімге ие болуы және келушілердің барлық сұрақтарына саналы түрде жауап беруі керек.

Нидерландыдағы адам денесінің мұражайы

Егер сіз адам анатомиясы саласындағы біліміңізді жетілдіргіңіз келсе, Голландиядағы адам денесі мұражайы бұл үшін өте қолайлы орын болып табылады.

 


6. Пластинариум (Plastinarium)

Пластинариум (Plastinarium)

«Plastinarium» мұражайы (Губен, Германия) Польшамен шекаралас шағын қалада ашылды. Мұражайдың негізін «Өлім дәрігері» деген лақап аты бар Гюнтер фон Хагенс қалады. Ол сатып алынған адамдардың мәйіттерін экспонаттар ретінде пайдаланды, экспонаттардың ішінде өлім жазасына кесілгендердің мәйіттері де бар.

Мұражайда өлі денелерден әртүрлі мүсіндік композициялар табуға болады. Сонымен, сіз карта ойнап отырған немесе атқа мініп бара жатқан мәйіттердің мүсіндік композициясын көре аласы. Мұражайға бару екі жақты сезімдерді тудырады: мұражайға келушілердің көпшілігі есінен танып қалады, кейбіреулер көргендеріне таңданады және дәрігерді данышпан деп санайды.

Балалар ойлап тапқан 6 зат >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес