Балалар ойлап тапқан керемет өнертабыс

Бұл топтамадан балалар ойлап тапқан 6 өнертабысты көре аласыздар.

 

1. Қорғаушы құлаққаптар

Фармингтон қаласының (Мэн штаты) тумасы 15 жастағы Честер Гринвуд 1874 жылы қорғаушы құлаққаптарды ойлап тапты. Жігіт қысты жақсы көрді, бірақ оның қалың жүнді құлақшындарға деген  махаббаты болмады, себебі олар  терінің қышуын тудыратын. Әрине, қыстың күні құлақшынсыз жүру мүмкін емес. Бірде, коньки тебуден үйге қайтып бара жатып, ол жол бойында жатқан сымды алды, содан кейін заманауи құлаққаптардың прототипін жасап, әжесінен оларды өңдеп, суық өткізбейтіндей етіп тігін беруін өтінді.

Қорғаушы құлаққаптар

Баланың идеясы өте сәтті болды, сондықтан ол 3 жылдан кейін патент алды. Құлаққаптардан басқа, Гринвуд металл тырма, сіріңке қорабының жарнамасын және басқа да көптеген жаңалықтарды ұсынды. Жас өнертапқыштың құрметіне Мэн штатында 21 желтоқсанды Честер Гринвуд күні деп жариялады, ал Фармингтон қаласында жыл сайын құлаққаптар шеруі өтеді.

 


2. Электр гирляндасы

Электр гирляндасы

Альберт Садака қыс мезгіліне түрлі түстер жетіспейді деп шешкенде 15 жаста еді. Ол үйдегі жаңа жылдық шыршаның неліктен көшені безендіруге арналған электр шамдарымен емес, қарапайым шамдармен безендірілетінін түсіне алмады. Бұл мәселені шеше отырып, ол шамдар тізбегін бір торға жауып, қазіргі кезде электр гирлянда деп аталатын құралды жасады.

Бала үй безендіруге арналған гирляндалар ойлап тапты, ал көше  гирляндалары сол кезде бар еді. Бұл оқиға 1917 жылы болды. Осы сәттен бастап қауіпті шамдарды алмастырған, шыршаларды безендіруге арналған, әрі қол жетімді гирляндалар пайда бола бастады. Ата-аналар барлық ақшаны ұлының өнертабысына салған және бұл үшін еш өкінген емес. Шынында да, бірнеше жылдан кейін бұл өнертабыс Альбертке және оның отбасына үлкен табыс әкелді. Адамдар қысты кемпірқосақтың барлық түстерімен бояды.

 


3. Тоқыма станогына арналған сақтандырғыш

Тоқыма станогына арналған сақтандырғыш

Маргарет «Мэтти» Найт 12 жасынан ойын баласы болудан қалды. 1849 жылы қыз мақта зауытына жұмысқа тұрды. Дәл сол кезде зауыттарда қайтарылатын инелері бар алдыңғы қатарлы станоктар енгізіле бастады. Бірақ, технология жетілдірілмеген еді, сол себеті, қыз бұл иненің өз құрбысын қалай жарақаттағанына куә болды. Жас жұмысшы Маргарет сақтандырғыш қажет деп шешті. Бірнеше аптадан кейін ол жұмысшылардың жарақат алуына жол бермейтін қорғаныс механизмін ойлап тапты.

Өкінішке орай, ешкім Маргаретке өзінің ойлап тапқан жаңалығына  патент ал деп ұсыныс жасамады, ал бір айлакер "өнертапқыш"  оның идеясын өзіне жаздырып алды. Тек 1871 жылы Маргарет сотқа арызданып, өзіне тиесілі патентке ие болды. Маргарет  бас-аяғы 90-нан астам өнертабысқа ие, оның 26-сын ересек кезінде патенттеген. Олардың бірі бүгінгі күні кеңінен қолданылады - бұл тегіс түбі бар қағаз сөмке. Найт осы формадағы пакет қана емес, оны шығаратын машинаны да ойлап тапты

 


4. Трансформер ойыншық

Трансформер ойыншық

1962 жылы 6 жасар Роберт Патч аяқ киім қораптарынан, бөтелке қақпақтарынан және шегелерден заманауи трансформерлердің прототипі болған құрылғыны жинай алды. Бірінші ойыншық кезек-кезек жүкті өзі түсіргіш көлік және жүк көлігі болып өзгеретін еді. Әкесі баласының  бұл өнертабысын уақытында көрді және ұлының атына патент алуға өтініш берді. Жас данышпан патент алғаннан кейін  сол кездегі ең жас патент иегері атанды.

 


5. Брайль қаріпі

Брайль қаріпі

Луи Брайл 5 жасында көру қабілетінен мүлдем айырылды.  Бала 12 жасында француз әскерінің вербалды емес сөйлесуіне арналған саусақтармен соқыр оқудың күрделі жүйесін игерді. Ол 12 нүктеден тұрды. Луис оны дамытып, 6 нүктеге дейін қысқартты  және жаңа хат түрін  «Брайль қаріпі» деп атады. Зағип жандарға арналған кітаптарды «жазу» және оқу оңайырақ болды, ол үшін кез-келген көзі көрмейтін немесе көру қабілеті нашар адам осы балаға ризашылығын білдіреді.

 


6. Жемісті мұз

Жемісті мұз

1905 жылы 11 жасар Фрэнк Эпперсон таяқтағы балмұздақты ойлап тапты, бірақ бұл кездейсоқ болды. Сусынға арналған ұнтақтәрізді  қоспаны стақан суға араластырып, көшеде ұмытып кетеді. Түнде температура нөлден төмен түсіп, сұйықтық қатып қалды. Бұл қоспаны еріту үшін бала оны стақаннан шығаруға тырысты. Фрэнк қасықпен бірге стақаннан барлық мұзды шығарды. Дәмін татып болғаннан кейін, бала ешнәрсені жібіту қажет емес деген тұжырымға келді - себебі дәл осылай дәмдірек. Ол өзінің өнертабысын көпшілікке 1922 жылы ғана ұсынды және бір жылдан кейін оған патент алды.

Мұхит түбінен табылған керемет олжалар >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Share on Myspace