Танымал брендтер жайлы көпшілікке белгісіз фактілер

Әйгілі брендттер жайлы көпшілікке белгісіз ақпараттар.

1. Атақты General Motors компаниясы сәтсіздікке ұшырады, Латын Америкасының нарығына өздерінің жаңа Chevrolet Nova автокөлігін шығармақ болған. Себебі, No va испан тілінде «қозғала алмайды» деген мағынаны береді екен.

2. Colgate компаниясы испан тілінде сөйлейтін елдердің арасында тіс пастасын дамыту барысында күтпеген жерден қиыншылықтарға тап болды. Испан тілінен аударған кещле «колгейт»: «бар да асылып қал» деген мағынаны береді.

3. Жапондық әйгілі Sony компаниясының алғашқы атауы – Totuko болған. Оны америкалықтарға айтуға оңай болу үшін өзгерткен болатын.

4. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Porsche компаниясы фермерлерге арналған тракторлар шығарумен айналысты.

5. Басында BMW компаниясы ұшақтарға арналған қозғалтқыш өндірген, ал логотип болса «атасынан» қалды – RappMotorenwerke. Бұл компанияның өндірісі Баварияда орналақан болатын, сондықтан шеңбер бөліктері ақ пен көк түстерге боялған. «Трансформациядан» кейін компания маркетологтары BMW логотипына аңыз ойлап тапты – көк аспанда қалықтап жүрген ақ пропеллер. Тек қана 10 жыл өте келе BMW компаниясы автомобиль өндірушіге айналды.

6. Алғаш кірпік бояуға арналған тушьті 1913 жылы химик Терри Уильямсон ойлап тапты. Тушь вазелин негізінде болды, бояу элементі ретінде ағаш көмірі қолданылды. Жазбалар бойынша Уильямсон тушьті әпкесі Мабельдің сұрауы бойынша жасаған, осы себеппен оның компаниясы Maybelline атауына ие болған.

7. Гиннес рекордтары кітабы сыра шығаратын Guinness компаниясының басқарушысы – Хью Бивердің сәтті жарнамалық қадамы болды.

8. Фейсбук дизайны көк түсте, себебі Марк Цукерберг қызыл-жасыл түсті дальтонизммен ауырады.

9. Coca-Cola логотипін әлем бойынша 94% адам біледі.

10. Әлемдегі ең ескі жұмыс істейтін банк – италиялық Banca Monte dei Paschi di Siena. Ол 1472 жылы Сиенна қаласында ашылған. Жақын араға дейін ең ескі жұмыс істеітін банк ретінде швейцар банкі Wegelin & Co саналған, ол болса 1466 жылы ашылған, бірақ өзінің жұмысын 2013 жылдың қаңтар айында доғарған болатын.

11. Coca-Cola-ның жарнамалық бюджеті әлем бойынша ең үлкендердін бірі болып саналады. Компания жарнамаға Microsoft пен Apple біріккенен де көп жұмсайды.

12. Mars келесі брендтарға ие: (кондитерлік өнімдер: M&M’s, Snickers, Dove, Mars, Milky Way, Skittles. Twix, Bounty, Celebrations, Starburst, Rondo, Tunes), (жануарларға арналған тағам: Pedigree, Whiskass, Kitekat, Chappi, Sheba, Cesar, Perfect Fit, Royal Canin), (сағыздар: Juicy Fruitm Spearmint, Doublemint, Extra, Orbit), (азық-түліктер: Uncle Ben’S, Dolmio).

Әлемдегі ең ұзын жаратылыстар >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес