Әлемдегі ең ұзын 7 жыландар жайлы қысқаша ақпарат.
Адамдардың бойшан немесе қысқа бойлы, толық немесе арық болады, бірақ біз өзіміздің денемізді ұзындығы бойынша өлшемейміз. Бұл ұзын жаратылыстар біздің назарымызды алатынын түсіндіре алады. Кез-келген ұзын жануарлар туралы сөзталастың сөзсіз көшбасшылары бар: жыландар. Келесі топтамада осы жыландардың ерекше ұзын түрлері.
1. Қара мамба
Ұзындығы: 4,5 метр
Қара мамбаның бір тістеуі буйволды қулатуға жеткілікті. Адамның тірі қалуы мүмкіндігі өте аз: у организмге өте тез тарайды. Сонымен қатар, бұл жылан адам сенгісіздей жылдам, тегіс жерде 19 км/сағ жылдамдығына жете алады.
2. Удав
Ұзындығы: 4 метр
Кинематограф удавты қауіпті жаратылысқа айналдырды, адам сенгісіз өлшемдергі дейін апарды. Ал шындығында, кәдімгі питонның ұзындығы төрт метрден аспайды, және де кішкентай сүтқоректілермен, құстармен қоректенеді.
3. Король кобрасы
Ұзындығы: 5,6 метр
Ал бұл – улы жыландар қатарындағы ең алып түрі. Король кобрасының орташа ұзындығы – 4 метрдей болады, рекордты ұзындыққа ие кобра бес жарым метрге дейін жеткен.
4. Индия питоны
Ұзындығы: 6 метр
Индия питоны сыртынан қарағанда бирмандыққа өте ұқсас: оны тіпті ашық жолбарыс түсті питон деп атайды. Индия питонының бояуы денесінің бүйір жағында орналасқан қызыл түске жақын жолақтармен ерекшеленеді.
5. Бирман питоны
Ұзындығы: 9,15 метр
Бирмандық немесе жабық жолбарыс түсті питон 9,15 метрге дейін өсе алады – жәл осындай түры Кубалық зоологтармен ауланған болатын. Бірақ жиі бұл түрдің өкілдері бес метрден аспайды.
6. Гигант анаконда
Ұзындығы: 11,43 метр
Қазіргі таңда ең ұзын анаконда ретінде Нью-Йорктық зоологтар қоғамына тапсырылған жылан саналады. Тоғыз метр және жүз отыз килограмм – өте қауіпті парамтерлер жиынтығы. Бірақ бірнеше жыл бұрын Колумбия фермерлері осыдан да ұзын данасымен жолыққан болатын: ауланған анаконда он екіге жуық метр ұзындығына жеткен болатын.
7. Торлы питон
Ұзындығы: 12,2 метр
Әлемдегі ең ұзын жылан. 7-7,5 метрліктері жиірек кездеседі, бірақ Австралияның зоопарктерінің бірінде ұзақ уақыт бойы рекордсмен өмір сүрді, питон Дейв, 12,2 метр ұзындығына дейін өскен болатын.