Тәжірибе үшін ажыратылған үш егіз.
Ағайындылар – үш егіз Роберт Шафран, Эдди Галланд және Дэвид Келл ман туа салысымен ажыратылған болатын, бірақ оларды бір жерде бауыры немесе бауырлары бар деген сезім қуып жүрді.
Роберт, Эдди және Дэвид 1961 жылдың 12-ші шілдесінде дүниеге келген. Оларды туған әйел жалғыз басты болған, сондықтан балаларды балалар үйіне орналастыруды шешкен. Ол жерде психиатр Виола Бернард пен психоаналитик Питер Нойбауэр балалар болашақта ата-ана назарына таласпау үшін ажыратып, әр түрлі отбасына беруді шешкен. Бұл тәжірибенің бір бөлігі болды: осылайша олар кімнің жеңіске жететінін білгісі келді – табиғат па, тәрбие ме
Баланы асырап алған әрбір адамға бұл тәжірибенің бөлігі екенін ескертті, бірақ ол баланың тағы да екі егіз бауыры бар екенін хабарламады. 12 жыл бойы әрбір отбасы жекеден дәрігер қарауына балаларын алып барып отырды. Бала өміріндегі әрбір маңызды сәтті видеокамераға түсіріп отырды – велосипедті жүргізуді үйренген кездерді, асыранды отбасындағы бауырлары мен әпкелерімен сөйлескендерін
Роберт колледжге келген кезде ол жайлы барлығы білетінін байқады. Біреу оны дос ретінде арқасынан қағып амандасыт. Ал бөлме жағынан көршісі неге оның колледжге қайтып оралғанын сұрады. Колледжде бұрында Эдди атты жаңа көршіге ұқсас студент оқыған екен, бірақ басқа колледжге ауысып кеткен. Эдди мен Роберт кездескен кезде олардың ортақтықтары өте көп екені байқалды. Олар бірдей күлген, денелерінде бірдей дақтар болған, бірдей IQ деңгейі болған, бірдей спорт түрімен айналысқан, бірдей оқиғаларды білген, бірдей әдеби жолдарды қайталап оқыған. Жақын арада бұл оқиғаны газеттер жариялаған, осылайша тағы да бір егіз бауыр – Дэвид бар екені белгілі болды. Олардың қосылу оқиғасы «Үш бірдей бейтаныс адам» фильміне негіз болды. Енді олар неге олардан шындықты жасырғаны жайлы оқиғаны біледі