Түркияның керемет табыиғатын осы мақаладан көре аласыздар.
Түркия - біздің отандастарымыздың арасындағы ең танымал туристік орындардың бірі. Бірақ, жағажайда уақыт өткізе отырып, біз бұл елдің сұлулығына назар аудара бермейміз. Мұнда сіз әлемнің көптеген елдерінде жоқ үлкен тарихи мұраны таба аласыз. Түркияда көптеген музейлер мен тарихи ескерткіштер бар. Бірақ, бүгін біз олар туралы айтпаймыз. Бұл материалда біз сіздерге Түркияның сұлу табиғатымен танысуды ұсынамыз, өйткені, бұл елдің табиғаты өте әдемі, әрі ерекше.
1.Каппадокия
Түркия өзінің ерекше ландшафтымен танымал. Кападокия - бұл бүкіл әлемнің туристерінің таңдайтын және үнемі қайтып оралатын жері. Жанартаулық әрекеттің нәтижесінде мұнда үңгірлер, жартастағы күрделі фигуралар және «сиқырлы мұржалар» пайда болды.
2.Стамбул
«Қарама-қарсылықтар қаласы» туралы білмейтін адам жоқ шығар, дегенмен, да есіңізге салып өтейік. Стамбұл - Түркияның бір мезгілде Еуропа мен Азияда орналасқан ең ірі қаласы. Керемет тағамдар, бай мәдениет және керемет сәулет өнерімен сіздің жүрегіңізді мәңгіге жаулап алады.
3.Ван көлі
Немрут Даг жанартауы орналасқан Түркиядағы ең үлкен көл. Бұл жердің сұлулығына өзіңіз баға беріңіз.
4.Арарат тауы
Түркиядағы ең биік нүкте. Таудың басын жыл бойы мұз жауып жатады. Барлығына белгілі бұл керемет мекен - өз көзіңізбен көріге тұрарлық жер.
5.Олюдениз
Бұл жер Фетхие қаласынан оңтүстікте орналасқан. Осы жерде Эгей теңізі Жерорта теңізімен түйіседі. Сонымен қатар, Олюдениз қорық ретінде мемлекетпен қорғалады
6.Лициан жолы
Көптеген адамдардың айтуынша, мұнда сіз өміріңіздегі ең керемет демалысты өткізе аласыз. Теңіз бен тау жоталарының керемет көрінісі сізге тамаша көңіл-күй сыйлары сөзсіз!
7.Памуккале
Мыңдаған жылдар бойы бұл жерде табиғи тау бұлақтары ағып жатыр. Осындағы әктен жасалған террасалардың пайда болуына да тау бұлақтары әсер етті. Бұл табиғат сұлулығын міндетті түрде өз көзіңізбен көруіңіз керек.
8.Капуташ жағажайы
Жартастармен қоршалған керемет жер. Қолайсыз жерде орналасқандықтан, мұнда ешқандай инфрақұрылым жоқ, бірақ, бұл күн астында демалуды жақсы көретін тристер үшін кедергі келтірмейді.
9.Солтүстік Анадолы таулары
Мыңдаған жылдар бойы бұл таулар әртүрлі халықтардың үйі болып келді. Анадолы тауы Түркияның солтүстігінде орналасқан және 1000 шақырымға созылып жатыр.